01
май
2020
Педагогкүнделігінен Шилтаева Халида Дуйсенбековна
#қашықтықтаноқу
#педагогкүнделігі
#бізбіргеміз
Бастауыш сынып мұғалімі Шилтаева Қалида Дүйсенбекқызы «Қашықтықтан оқу жайлы өз ойым»
Қашықтықтан оқу... Әрине, алдымен дайындықты бастауда үлкен қорқыныш болды. Қалай оқушыларды біліммен түгел қамтимын? Қалай байланысқа шығамын? Қалай бағалаймын деген сан сұрақтар мазалады.
Ұстаздар қауымы үшін әрі ауыр, әрі жауапты, әрі қызықты, жаңаны танып білетін кезең болды. Алайда, қазір қашықтықтан оқытуды жүргізу барысында ойым көп өзгерді, білмей жүрген, қолданбай жүрген қаншама керемет платформалар бар екенін білдім. Сонымен қатар, «Балапан» арнасы, «Kundelik.kz», «Whatsapp» т.б арқылы балаларға сабақ беріп, тапсырма беріп, кері байланыс алу арқылы ата-аналармен, оқушылармен тығыз байланыстамын. Мұғалім қай кезде де шәкіртін бар мейірімімен, талапшылдығымен, турашылдығымен баурап алатыны сөзсіз. Бұл төтенше жағдай кезінде үйінде отырып сабақ оқуға міндетті шәкірттеріне оқуға ерекше ықыласпен қатысуына, салғырттық танытпауына, енжар болмауына себепші - ұстаз. Бұл күн де өтер... Десек те бұл ауыр күндер ұстаздың қадірлі, аса жауапкершілігі мол педагог иесі екендігіне көзімізді жеткізді.