Педагогкүнделігінен Баккараева Асем Балтабековна » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Баккараева Асем Балтабековна
28
апрель
2020

Педагогкүнделігінен Баккараева Асем Балтабековна

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Баккараева Асем Балтабековна, директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары. Еліміздегі орын алған пандемия жағдайына байланысты, №54 орта мектебінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға байланысты өзгерістер орын алып, мектебіміздің 110 ұстазына және 1718 білім алушысына қашықтықтан оқыту тәжірибесінен өту жұмысы тапсырылды. Бұл оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың формасының бірі болғанымен, мектеп тәжірибесіне алғаш рет енгізілгендіктен, ұстаздар мен оқушыларға үлкен жауапкерлік міндеті жүктелді. Мектеп әкімшілігі ұжымға «Zoom» платформасы арқылы педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, онлайн-семинарлар, вебинарлар өткізе отырып, білім алушылардың мемлекеттік стандарт деңгейін меңгерулеріне барынша жағдай жасауға тырысты. Көрсетілген әдістемелік көмектер өз нәтижесін беріп, педагогтар қашықтықтан оқыту кезінде Bilimland, Kundelik.kz, Daryn.online, Classroom, Zoom,Whatsapp, Тelegram платформаларын ұтымды пайдалануға бейімделді. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту мұғалімдердің IT сауаттылықтарын арттыруына көмектесті:
1.Мұғалімдер ақпараттық технология саласындағы тәжірибелерін жетілдірді;
2.Бейнесабақтар түсіруде тәжірибелер жинақтады;
3. Ғаламтордағы түрлі дереккөздерді қолдану тәсілдерін дамытты;
4. Оқушы мен мұғалім арасында цифрлық ресурстар арқылы хабар алмасу мен тілдесу мүмкіндіктері жандандырылды. Бүгінгі таңда мектебімізде педагогтар мен білім алушылар қашықтықтан өткізіліп жатқан байқауларға белсене қатысып жүлделі орындарды да иеленуде.