Педагогкүнделігінен Махамбетова Гулзира Есенгелдиевна » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Махамбетова Гулзира Есенгелдиевна
04
май
2020

Педагогкүнделігінен Махамбетова Гулзира Есенгелдиевна

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Тараз қаласы №54 орта мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Махамбетова Гулзира Есенгелдиевна.
Өкінішке орай Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, яғни "Covid-19" қауіпті індеттің алдын алу мақсатында барлық сабақтар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Əрине қашықтықтан оқыту мектепте оқушыларымызбен жүздесіп, көзбе-көз тақырыпты жан-жақты талқылап өткізіп үйреніп қалған ұстаздар үшін оңайға соққан жоқ.
Қашықтықтан оқыту мұғалім үшін үлкен жауапкершілік десек артық айтқандық емес. Өйткені қазіргі жастар біздің ертеңгі болашағымыз. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамыған уақытында қажетті оқу материалдарын алып оқушыларға таратылып түсіндіру сабақтары өткізіліп жатыр, яғни сабақты bilimland, Daryn Online білім беру ресурсы бойынша жəне де kundelik.kz арқылы кері байланыс жасалу арқылы сабақтар өткізіп жатырмыз.
Ал енді мен өзім туралы айта кететін болсам: оқыту платформаларының ішінен "WhatsApp" желісін таңдадым, өйткені бастауыш оқушылары үшін өте тиімді жəне қолдану жүйесі оңай платформа. Əр сабағымызға өте үлкен жауапкершілікпен дайындалып, ізденіс үстіндеміз, өйткені қашықтықтан оқыту ол оқушылармен бұрынғыдан да қатты жақындау жəне жүректеріне жол тауып, сапалы білім беру. Сабақ беру барысында тақырыпқа ағылшын тілін үйрету болғандықтан əрбір өтетін тақырыпқа байланысты бейнекөріністер жəне де сол өтілетін жаңа сабақтар туралы нақты, қысқаша түсінікті етіп мəліметтерді дайындап жіберіп отырдым. Білім алушылар жіберген мəліметтермен танысып жазба жəне дауыстап жақсы нəтижеде орындап кері байланыстарын жіберіп отырды. Осы кері байланыстарынан сабақтың жақсы, түсінікті өткізіліп жатқанын байқауға болады. Мұғалімдер қашықтықтан оқыту барысында көптеген білім порталдары арқылы дайындықтарын пысықтап оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын арттық деп ойлаймын.
"Əр қиыншылықтың артында бір жақсылық болады" дейді дана халқымыз. Қандай жағдай болсада біз бірге болуымыз керек. Ең бастысы, амандық-саулықта жүздесу. Барлықтарыңызға сол күндерде қайта қауышуымызды тілеймін!