Бос орынға конкурс жариялау!!! » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау!!!
17
февраль
2025

Бос орынға конкурс жариялау!!!



 Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №54 орта мектебі коомуналдық мемлекеттік мекемесіне бос орындарға конкурс жариялайды ! 
 
1) Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1 жүктеме ) - тұрақты  орын .
 
 

 Біліктілікке қойылатын талаптар:
     тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
           журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
           оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; Лауазымдық жалақысы: 100 000 -150 000 тг
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
     10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
     11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
     12) 16
қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
     13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы
 – 720 x 480.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (15.08.2023ж №259 және 16.08.2023ж №343  өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 31 мамыр 2025 жылға дейін  жасалынады;
   Ø Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 54-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
   Ø2024-2025 оқу жылдың 1
7 ақпаннан  бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде 17.02.-25.02.2025 жыл күндерінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
   ØҚұжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер:2
5.02.-04.03.2024ж ж күндері.

       Конкурс өткізілетін орын:

     Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Саду Шакиров көшесі №82 мекен жайында орналасқан №54 орта мектебінің 2 қабаты, қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 52-04-95.
     Электронды адресс:mektep54@mail.kz