Педагогкүнделігінен Оразов Талғат Ташкенбайұлы » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Оразов Талғат Ташкенбайұлы
01
май
2020

Педагогкүнделігінен Оразов Талғат Ташкенбайұлы

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Оразов Талғат Ташкенбайұлы
№54 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
«Ұстаз ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес өз ұстазын сүймесе», - деп қазақтың біртуар азаматы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік, сүйіспеншілік, үздіксіз қарым-қатынас орнату баланы бар ынта-жігерімен, қызығушылықпен білім алуға, ізденуге итермелейді. Қазіргі қиын қыстау кезеңіндегі қашықтықтан оқыту жүйесінде осы ұстанымды берік ұстап, балаға жан жақты білім беру басты мақсатымыз болып табылады. Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетіліуі балалық шақта қалыптасады. Спорт ойындары мен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын балалар дені сау саналы ұрпақ ойлау қабілеттері жоғары болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған балаларға қарағанда сергек, саналы болып өсетін ғылым мен өмір тәжірибесін толық дәлелдеп отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын балалар жақсы оқып білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады. Осы тұрғыда біз мынадай платформаларды тиімді пайдаланудамыз: «WhatsApp», «Bilimland», «DarynOnline», «Kundelik.kz» және т.б. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға.