01
май
2020
Педагогкүнделігінен Әлімқұл Әйгерім Нұрмаханқызы
#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Бастауыш сынып мұғалімі Әлімқұл Әйгерім Нұрмаханқызы
Міне төртінші тоқсанның жартысы өте шықты. Бір ай бұрын төтенше жағдайға байланысты бүкіл елмен бірге қашықтан оқытуды қолға алдық. Орта білім беру саласында бұрын болып көрмеген жаңа оқыту жүйесіне көшу үшін үздіксіз дайындық жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Бұл қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін терең түсінуге көмектесті. «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары өздерінің эфирлік уақыты арқылы сабақтар өткізуде. Мұғалімдеріміз түрлі платформалар мен мессенджерлерді пайдаланып, оқушылармен кері байланыс жүргізіп отыр.
Қашықтықтан оқыту барысында қиындықтар болмады дей алмаймыз. Бұл қиындықтарды жою үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылды. Ата-ана баласының білімге деген, оқуға деген ынтасын көрді. Балаларымен бірге сабаққа қатысып, балаларының ұстазынан “жарайсың”, “өте жақсы” деп бағалаған кері байланысын көріп, балаларымен бірге қуанды. Өз балаларының жақсы оқуына ата-аналар да атсалысып отыр. Бұрын жұмыс деп, үй шаруасы деп баласына көңіл бөле алмайтын ата-аналардың карантин уақытында ұстазбен, балалары мен қарым-қатынасы күшейді. Ата-ана мен ұстаз арасында өте жақсы байланыс орнады. Үштік одақ, яғни: оқушы, ұстаз, ата-ана арасында бірлескен жұмыс өте жақсы атқарылып келеді. Оқушылар жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана бастады. Компьютерлік техникамен жақсы жұмыс және электрондық жаңа оқыту әдістерін іздену пайда болды.
Қашықтықтан оқыту – оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды. Осы қашықтықтан оқытудың жақсы жемістерінің бірі - оқушының өз бетімен ізденуіне, өз бетімен білім алуына әсер етті.