"Тамақтан уланудың алдын алу" жұмыстары » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тамақтан уланудың алдын алу" жұмыстары
09
ноябрь
2023

"Тамақтан уланудың алдын алу" жұмыстары

Білім алушылардың қауіпсіздігі үшін мектеп асханасында

тамақтан уланудың алдын алу.


          №54 орта мектепте қараша айының 9 күні мектеп медбикесі А.Тоутогулова, ДҚТІЖО Н.Байтоқов және әлеуметтік педагогтар А.Балабекова,Қ Саткулова  мектеп асханасында қызмет көрсететін асхана қызметкерлерімен білім алушылардың өмірлерінің  қауіпсіздігі үшін  тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізді. 

          Мектеп медбикесі А.Токтогулова өз сөзінде, тамақтан улану- белгілі бір микроорганизмдермен жаппай ластанған немесе құрамында микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттар бар тағамдарды тұтынумен байланысты аурулар дей келе, білім беру ұйымдарында тамақтан уланудың негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталмауы, атап айтқанда: жеке гигиена ережелерін, тамақ дайындау, тамақ өнімдерін сақтау технологияларын бұзуы болып табылады. 

          Нәтижесінде мектеп әкімшілігі асхана қызметкерлеріне білім алушыларға берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақтың сапалы дайындалуын, тамақтан  уланудың алдын алу шараларын күшейту жұмыстарын  әрдайым бақылауда ұстау керектігін,тамаққа қойылатын барлық талаптың қатаң  бақылауда болатынын айтты.