2022-2023оқу жылындағы мектеп жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде атқарылған жұмыстары
2022-2023оқу жылындағы мектеп жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде атқарылған жұмыстарының анықтамасы.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы№657 шығыс хатына сәйкес және мектепішілік 23 мамырдағы №589 т 14бұйрығын негізге ала отырып, мектеп жанындағыжазғы лагері мен алаңдары 2023 жылдың 05маусымынан – І кезеңі, 2023 жылдың 19 маусымынан – ІІ кезеңі ашылады.
Мектеп жанындағы жазғы лагеріне әр топта 25баладан аспайтындай етіп 15 топ құрылды,қабылдау жұмыстары 02 маусымға дейін жүзеге асырылды.Жоғарғы сынып білім алушылар арасынан еңбек жасақтары мен көгалдандыру жұмыстарын атқаратын топ құрылды.«Балауса» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьге қамтылған білім алушыларға спорттық, шығармашылық үйірмелер, байқау мен мәдени іс-шараларды қамти отырып, іс-шаралар жоспарлары құрылды.Іс-шаралар жоспарына сәйкес лагерьдің ашылуы «Балғын балалар біздің болашағымыз!» тақырыбында өтті. Ол күні топ жетекшілері лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды, «Бақытты балалық шақ» атты асфальтқа сурет салу байқауын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттады. Іс-шаралар өз деңгейінде өтті.
Мектепшілік 23 мамырдағы №589 т 14бұйрығына сүйене отырып, мектеп жанынан ұйымдастырылған және қала сыртындағы сауықтыру лагеріне білім алушыларды бөлу, жіберу үшін төмендегі құрамда штаб құрылды.
А.Балабекова – Әлеуметтік-педагог, штаб төрайымы.
Комиссия мүшелері:
1) А.Токтогулова – мектеп медбикесі;
2) Г.Сихимкулова – мектеп психологы;
Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру үшін арнайы бөлмелер, ойнау алаңы дайындалды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар қамтамасыз етілді.
Мектеп жанынан құрылған лагерьге білім алушыларды ойын алаңына, көгалдандыру және еңбек жасақтары лагері ұйымдастырылды. Білім алушылар арасынан ойын алаңы ұйымдастырылып, тәрбиеші міндеті Ж.Оразбаеваға тапсырылды.Мектепте көгалдандыру жұмысына 7-8 сыныптардан бригада құру міндетіА.Есеналы мен Ж.Оразбаеваға тапсырылды. Мектепте еңбек жасақтары бригадасы 10 сынып білім алушыларынан құрылып, жұмыс уақыты 05-16 маусым аралығында жүргізілді.Мектептегі еңбек жасақтарынатізімді жинақтау 10 сынып жетекшілері А.Болжыроваға, Ф.Конысбаеваға, жетекшілік ету педагог-ұйымдастырушы А.Есеналыға тапсырылды.
Лагерь басшысы болып бастауыш сынып мұғалімі Э.Кобоева, көмекшісі болып Ж.Оразбаева бекітілді.
Мектеп жанынан құрылған лагерьдің топ жетекшілері және үйірме жетекшілері топ құрамын анықтап, тізімін 2023 жылдың 31 мамырына дейін лагерь басшысы Э.Кобоевағаөткізілді.Лагерьдің жұмыс уақытындағы балалардың денсаулығы мен өміріне жауап беру, күн тәртібінің орындалуын қадағалау міндеті тәрбиешілерге тапсырылды.
Лагерьдегі өткізілетін барлық іс-шараларды музыкамен көркемдеу жауапкершілігі музыка пәнінің мұғалімі Д.Имашева мен Р.Әміровке тапсырылды.
Лагерь кезінде төмендегідей үйірме жұмыстары жүргізілді:
- «Шахмат» үйірмесі - жетекшісі Әскербай Меруерт
- «Логика» үйірмесі - жетекшісі Накыпбеков Дидар
- «Футбол» үйірмесі - жетекшісі Нурхожаев Жандидар
- «Тоғызқұмалақ» үйірмесі - жетекшісі Алимкулова Айгерім
- «Үстел теннисі» үйірмесі - жетекшісі Оразбаев Азат
- «Сиқырлы бояулар» үйірмесі - жетекшісі Амирова Куралай
- «Әнші балапан» үйірмесі - жетекшісі Имашева Диляра
- «Әнші балапан» үйірмесі - жетекшісіӘміров Райжан
- «Полиглот» үйірмесі - жетекшісі Бейсен Жанерке
- «Шежіре» үйірмесі - жетекшісі Аитжанова Ақбөпе
Спорттық іс-шаралар өткізу, ұйымдастыру жауапкершілігі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Оразбаевқа, А.Алимкуловаға, Ж.Нурхожаевқа тапсырылды.Мектеп жанындағы жазғы демалыс лагеріндегі балаларға суда жүзу мен өрт қауіпсіздігіне байланысты тақырыптық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу топ жетекшілеріне тапсырылды.
Мектепішілік су жүйесі мен өрт қауіпсіздігі директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Ж. Азимхановқатапсырылды.
2023 жылдың жаз айларында қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлеріне 146 орын бөлінді.9, 11 сынып оқушыларының саны – 85 оқушы.
Мектеп жанындағы жазғы «Балауса» сауықтыру лагеріне 579 бала қатысты. Оның ішінде І кезеңіне 300 бала, ІІ кезеңіне 240 бала, көгалдандыру бригадасына І кезеңіне 60 бала, оның 17 бала тегін тамақ тізіміндегі балалар, еңбек лагеріне І кезеңіне 30 бала, оның22 тегін тамақ тізіміндегі балалар қатысты.