08.10.2020 жылы мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі берілді » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 08.10.2020 жылы мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі берілді
08
октябрь
2020

08.10.2020 жылы мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі берілді

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Р.Д.Тогисова қамқоршылық кеңес пен ата- аналар комитетінің төрағалары, мектеп ұжымы алдында 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарға есеп берді. Онда білім алушылардың оқу жылының басынан қашықтықтан және 1-4 сынып ата-аналарының өтініштері бойынша кезекші сыныптар ашылып, біліп алып жатқандығы айтылды. Қыркүйек айында бөлінген қаржының уақытылы 100% игерілгендігі туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар кезекші сыныптарда 1 сыныптар 100% қамтылып, 16 сынып, 2-4 сыныптарда 24 сынып ашылып оқушылар мектепке келіп кезекші сыныптарда оқып жатқандығы, кезекші сыныптарда барлық санитарлық талаптардың орындалу үшін жол сілтеу жолақтары, антисептик, санитайзерлер, аяқ асты төсеніштер, кварц, мектепке кірерде залалсыздандыру тунелі де арнайы дайындалғандығы туралы айтылды. Мектеп оқушыларына оқу кітаптары толықтай таратылып 100% қамтылған. Қашықтықтан оқу кезінде техникалық құрылғалары тапшы аз қамтылған, көп болалы отбасыларына мектептің балансына тіркелген уақытша пайдалану үшін 26 планшет, 15 моноблок, 25 ноутбук және 21 компьютер құрылғалары таратылғандығымен толық мәлімет берілді.
Есеп беру соңында қашықтықтан және кезекші сыныпқа келетін оқушылардың білім сапасы, тәрбие жұмыстары, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қатаң бақылауда болатыны және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс, бөлінген қаражаттың алдағы уақытта да игерілуі қатаң бақылауда болатыны, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары назардан тыс қалмайтындығы айтылды. Жиын соңында ата-аналар сөз сөйлеп, мектеп жұмысына қанағаттанатынын жеткізді.