20
сентябрь
2019
20.09.2019 жылы Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі
20.09.2019 жылы сағат 17.00 Тараз қаласы #54 орта мектебінің директоры Тоғысова Раиса Дәстенқызы қамқоршылық кеңес пен ата- аналар комитетінің төрағалары алдында 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Онда білім алушылардың білім сапасы, білім алушылардың жетістіктері, тәрбие жұмыстары, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, ата- аналармен жұмыс, Адалдық клубының, Жас ұлан, Жас қыран ұйымдарының жұмыстары, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, биылғы оқу жылында ашылған үйірме жұмыстары, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы, әлеуметтендіру жұмыстары мен мектеп оқушылары , ұстаздарының білім, тәрбие саласында жеткен жетістіктері айтылды. Жиын соңында ата-аналар сөз сөйлеп, мектеп жұмысына қанағаттанатынын жеткізді.
Жиынға Шеримова Гаухар Жылысбекқызы-білім бөлімінің әдіскері қатысты.
Жиынға Шеримова Гаухар Жылысбекқызы-білім бөлімінің әдіскері қатысты.