22.05.2019ж. мектеп директорының есебі тыңдалды. » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 22.05.2019ж. мектеп директорының есебі тыңдалды.
26
май
2019

22.05.2019ж. мектеп директорының есебі тыңдалды.

22.05.2019 жылы сағат 13.30 №54 орта мектеп директоры Тоғысова Раиса Дәстынқызы "Қамқоршылық кеңес" алдында есебі тыңдалды. Мектеп директоры өз есебінде 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі атқарылған жұмыстарды, оқушылардың жетістіктері туралы, кәсіптік бағдар бойынша атқарылған жұмыстар туралы, тәрбие мен құқықтық тәрбие бойынша, әдістемелік жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысымен таныстырды. сонымен қатар, "Рухани жаңғыру", "Робототехника", "Шахмат" кабинеттері мен орталықтарының ашылғандығын атап өтті.
2019-2020 оқу жылына Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталып, мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес өзгеріссіз екендігі ескертілді.
Қамқоршылық кеңес мүшелірімен атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, мектеп формасына қойылатын талаптар бір ауыздан қабылданып 22.05.2019 жылдың сағат 18.00-де өткізілетін ата-аналар жиналысында қаралуына ұсыныс қабылданды.