Педагогкүнделігінен Мирсеитова Салтанат » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Мирсеитова Салтанат
27
апрель
2020

Педагогкүнделігінен Мирсеитова Салтанат

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту 
Мирсеитова СалтанатҚашықтықтан сабақ берудің үшінші аптасында сәтті өткіздік, себебі мұғалімдер де оқушылар да бір қалыпқа түсті. Алғашқыда қашықтықтан сабақ жүргізіледі дегенді естігенде Сабақ беру үрдісі қалай болар екен? Сабақты қалай өтемін? Оқушыларды қалай бағалаймын? деп қатты қобалжыдым. Бірақ алдын ала жүргізілген сынақ сабаққа дайындық кезінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Алмагүл Орынбайқызы және мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары Асем Балтабекқызы түрлі әдістемелік көмек берді. Осы тұста мектеп әкімшілігі тарапынанда қолдауды сезінгеннен кейін жұмысымызға батылдықпен кірісіп кеттік. Оқушыларымызды алдын ала қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын , білім алуда еш кедергінің болмайтынын керісінше жан-жақты ізденуге мол мүмкіндік туып отырғанын айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін оқушылар да жақсы қабылдады. Десекте бұрын мектепке барып оқушылармен бетпе-бет жүздесіп, ауызша сабақ өтетін мұғалімдер үшін де, тақтаға формула жазып сабақ түсіндіретін мұғалімдер үшінде біраз қолайсыз болды. Сынақ сабақтан соң жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері өзара кім қандай платформамен жұмыс істейтінін, қайсысы тиімді әрі ыңғайлы екенін талқылап, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Мектеп әкімшілігі ұстаздарға әрбір сабағымызға жүйелі дайындықпен сапалы білім беру үшін жауапкершілік танытатынымызға сенім білдірді. Білім беру кезінде қай платформаны таңдасақта ең бастысы оқушыға түсінікті болу қажет. Сабақты жоспарлау барысында ең алдымен сабақтың мақсатын құрып, мазмұнын ашатын тиімді әдістерді таңдап, оқушыларды бағалауымыз қажет. Оқушылардың сабақты түсінгендігінің белгісі "иә" деген жауап емес, олардың жүзіндегі қуанышы, олар қуанышын жасырмай бірден кері байланыс жасап рахметін айтқанда шаршағанымды ұмытып, одан әрі шабыттана түсемін. Сабақты қашықтықтан (WhatsApp, күнделік kz) жүйесі арқылы өтіп кері байланыс алудамыз. Оқушыларымыз BilimLand, Darynоnlyne сайттары арқылы қосымша білімдерін толықтыруда. Дегенмен оқушыларымызға кез келген уақытта түсінбегенін үйретуден жалықпайық, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруге бар күш жігерімізді салайық демекпін.