29
апрель
2020
Педагогкүнделігінен Бисимбаева Алтынай Алтынбекқызы.
#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту Бастауыш сынып мұғалімі Бисимбаева Алтынай Алтынбекқызы. Қазіргі таңда «Қашықтан оқыту – заман талабы» болғандықтан, қашықтықтан сабақ беруді тиімді, әрі қызықты өту үшін әрбір педагог ізденуде. Қашықтықтан оқыту – бұл Ғаламторды пайдалана отырып қашықтықтан оқыту тәсілі. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды меңгеруге, саралауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай үлкен қадамдар білім саласында болмағандықтан әрине бұл біз үшін күрделі қадам болып отыр. Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, бірақ бұл қиындықтарды да жеңе білдік. Мұғалім – рухани демеуші, мұғалім – программист, мұғалім – зерттеуші, мұғалім – эксперт, мұғалім – режиссер, мұғалім – тіл партнеры.
Міне, осындай икемдігі бар ұстаз – жаңа заманның айнасы.