Педагогкүнделігінен Айдархан Гүлдана » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Айдархан Гүлдана
28
апрель
2020

Педагогкүнделігінен Айдархан Гүлдана

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту 
Физика пәнінің мұғалімі Айдархан Гүлдана. Қашықтықтан оқытудың бірінші пайдасы күндер өткен сайын мұғалімдер қауымы цифрлық технология әлеміне еніп барамыз. Әртүрлі платформаларды пайдаланып, цифрлық технология процесі уақыт өткен сайын үдей түсуде. Ұялы телефондарға мультимедиа файлдарының жіберілуі мен қабылдануы осы цифрлық технология арқылы іске асып жатыр. Ватсап желісі арқылы балалармен жеке байланысқа түсу ыңғайлы болып тұр және оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқу тапсырмаларын орындап, ұстаздармен тікелей байланысқа шығып отыр. Қанша қиыншылық туындаса да бірлесе отырып, жұмыс атқарып келеміз. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген сөзді ата-бабамыз бекер айтпаған екен. Мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы байланыс күшейе түсті. Бұл қашықтықтан оқытудың тағы бір пайдасы деп білемін. Себебі, жалпы сыныпта өз ойын айтуға қысылатын оқушылардың белсенділігі жоғары болып, сабаққа жақсы атсалысып жүргендігіне мұғалім ретінде куә болып, қуанып отырмыз. Мұғаліммен жеке байланысқа түскен оқушылардың саны артып, ұстаз қауымына қаншалықты қиын болса да, ата-анадан және оқушылардан жақсы лебіз естігеннен кейін шаршағанымыз басылады. Бір-бірімізді қолдап бірлесе жұмыс атқарылып жатқанына қуанамын. Қазіргі таңда оқушыларға білім беру мақсатында жасалған интернет ресурстары және де бейнематериалдар дайындауға арналған программалар жеткілікті. Соның ішінде «Classroom», «Daryn.onlіne», «Google формы», «BilimLand» аталған білім беру платформалары әр оқушымен жеке байланыс орнатып, тақырыптық сұрақтар дайындау және әрбір орындалған тапсырмаларға кері байланыс беру арқылы бала жұмысында тиянақтылық, ұқыптылық орын алып жатқанына көз жеткізудемін. Осы платформалардан балалардың пәнге қызығушылығының артқанын кері байланыстардан байқауға болады. Физика сабағында мысалы, 8 сынып оқушыларына Жарықтың шағылу заңын өткен кезде «Google форма» арқылы тест тапсырмаларын беру ыңғайлы болды. «Daryn.online» платформасында көрсетілген бейнематериалдар оқушылардың сол тақырыпты меңгеруіне септігін тигізді. Алғашқы сабақтан бастап балалардың ынтасы бізді қанаттандырып, әр сабағымызды бұрынғыдан бетер үлкен ізденіске жетелей отырып, біз де қоржынымызды бұрын соңды болмаған жаңаша тәжірибелермен толықтырудамыз.