Педагогкүнделігінен Естаева Мархабат Құдайбергенқызы » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогкүнделігінен Естаева Мархабат Құдайбергенқызы
30
апрель
2020

Педагогкүнделігінен Естаева Мархабат Құдайбергенқызы

#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
№54 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Естаева Мархабат Құдайбергенқызы
Елімізде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Уақыт талабына сай қолға алынған жаңа формат өзінің жемісін беруде. Ұстаздарға да, оқушыларға да алғашында таңсық көрінгенімен уақыт өте келе қашықтықтан оқытудың артықшылықтарына көзіміз жете түсуде. Өзім білім беретін 1-сынып оқушылары да бұл жүйеге үйренді. Нағыз ұстаз ізденумен жетіле түсетіні анық. Қашықтықтан оқыту барысында BilimLand, DarynOnline, Kundelik.kz платформалары мен Whatsapp, Youtube желілерін пайдаланамын. Аталған желілер әрі ыңғайлы әрі баршаға қолжетімді. Осы арқылы жүргізілген білім беру үдерісі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге, талаптануға жетелегенін аңғартуда. Қашықтықтан оқыту арқылы өзім де бірқатар жаңашылдықтарға қанық болып, білімімді одан әрі толықтырудамын.​ Қашықтықтан оқыту білім сапасын арттырмаса кемітпесіне көзіміз жетті.
Ел басына түскен осындай ауыр кезең ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеуде. Сол үшін мен де осы жауапкершілікті сезініп, сенімнің үдесінен шығуға міндеттімін және барымды салудамын.​ Әрине, балғындар да мектебін, сыныптастарын, ұстаздарын сағынуда. Алайда, олар да осы бір қиындықтан тек бірігіп ғана шыға алатынымызды сезінеді. Бұл министрліктің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесі деп білемін. Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша ден қойып келеді. Бүгінгідей қиын шақта​ да балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуді назардан тыс қалдырмай, барлық мүмкіндікті жасауда. Біздің мақсатымыз - балдырғандарды тек сапалы біліммен сусындату. Осы індеттен жеңіп шықсақ оқушылар да мектебімен қауышып, мәз-мейрам болатын күн жақын. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ. Біз біргеміз.