29
апрель
2020
Педагогкүнделігінен Рысдаулетова Каламкас Жамбыловна
#Педагогкүнделігінен #Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Бастауыш сынып мұғалімі Рысдаулетова Каламкас Жамбыловна “Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға”, - деп Абай атамыз айтқандай, мемлекет ұстаздардың жағдайын жасап, арнайы заң қабылдағаны мұғалімнің мәртебелі мамандық екенін дәлелдейді. Әр адам өзінің денсаулығына көңіл-бөліп, сақтық ережелерін орындауда. Қашықтықтан оқытуды бастаған кездегі мектеп әкімшілігінің артқан сенімін ақтау үшін, әр сабаққа барынша жауапкершілікпен қараймын. Өйткені, мынандай қиын-қыстау кезде мен де өз үлесімді қосуға міндеттімін. Халықтың саулығынан артық ештеңе жоқ екендігі қазіргі шектеу шаралары кезінде аңғарылды. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс беки түсті. Қашықтықтан оқыту тәртібіне сәйкес, ұстаз бен оқушы арасында онлайн жүйе қалыптасты. Ата-ана, бала, мұғалім арасында жақынырақ байланыс орнады. Балаларға сабағымды WhatsApp желісінде үйретіп, ата-анадан да, білім алушылардан да кері байланыс алып отырамын. Уақыт өткен сайын балаларды сабаққа қызықтырудың түрлі амал-тәсілін ойлап табудамын. Бірақ, балалар шын мәнінде мектепті қатты сағынғандықтарын жиі есіме салады. Осы сынақтан ел болып төрт көзіміз түгел шықсақ, пандемияны шын жеңгеніміз деп есептеймін!!!