29
апрель
2020
Педагогкүнделігінен Қаңтарбаева Еңлік Мұратқызы.
#педагогкүнделігі #Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Қаңтарбаева Еңлік Мұратқызы. Білімді ұрпақ -кемел келешектің кепілі. Сол ұрпақтың білімді болуы, біздер, ұстаздарға байланысты. Мұғалімнің басты мақсаты-рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Ал қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема-төтенше жағдайға байланысты оқушыларға қашықтықтан оқыту арқылы талапқа сай білім беру. Осы тұрғыда мектепалды даярлық сыныптарыда өз кезегінде оқушыларға әр түрлі тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізуде. Әрине бастапқы кезде онлайн оқыту форматына көшу кішкентай балалар үшін оңай болмады. Мектепте жазу-сызуды үйреніп жүрген балалар бірден онлайн форматты түсінбей біраз уақыт қиындық тудырды, алайда осы уақыт ішінде кішкене балалардың өзі онлайн оқуға үйренді десек те қателеспейміз. Бірақ онлайн форматты үйрену кезінде ата-ананыңда маңызы зор. Балаларға уақытылы көңіл бөлуінің арқасында білімдерін одан әрі дамытуда. Баланың білім алуы кезінде ата-ананың рөлі ерекше. Әрине біз тек осындай жақсы нәтижеге екі жақты қолдау арқылы жетіп отырмыз. Бұл біз үшін қуанып айтарлықтай жағдай. Қазақстанның өркендеуіне алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді. Елімізге сүйеу болу, қатерлі дертке қарсы тұру, еліміздің ертеңгі ұрпағына сапалы білім беру, саналы тәрбиелеу ұстаз қауымының борышы.