Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес
14
июнь
2017

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес

• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін аттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.
• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
• ҰБТ тура қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:
- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;
- Сұрақты соңына шейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына шейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);
- Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмаса, өз интуициясына сүйенуді үйретіңіз
Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге оқиды.)
• Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:
• Жігер деген – Мен.
• Күш деген – Мен.
• Махаббат деген – Мен.
• Кешірім деген – Мен.
• Құдырет деген – Мен.
• Жасөспірім деген – Мен.
• Жастық деген – Мен.
• Даналық деген – Мен.
• Денсаулық деген – Мен.
• Жарқындық деген – Мен.
• Бар ғажайып деген – Мен.
• Бәрі маған байланысты.
• Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.


Баланың миын толық күште жұмыс істеуіне көмектесіңіз
ҚАЙДА: бас, көз, құлақ, кеңсірік маңындағы нүктелерін уқалай жұмсартыңыз . Басыңызға саусақ тырнақтарымен уқалауды төменнен жоғары жоғарыдан төмен жүргізіңіз.
НЕЛІКТЕН: бастағы миға ауа ағымы көбейе барады, қан токсиндерден тазартылады.
ҚАЛАЙША: екі алақандағы әрбір саусақ нүктесін қысыңыз немесе оларға 25-50рет бас. Саусақтардың ұшынан бастап, білекке дейін жәйлап түсіңіз.

Бұлшық еттегі қысымды түсіру
1.Тыныш, әлсіз жарықтанған бөлмеде жатыңыз (немесе ең болмағанда отырыңыз); киім сіздің қимылыңызды қыспауы керек.
2.Көзінізді жұмыңыз, баяу және терең тыныс алыңыз. Тыныс алып шамамен он секундқа тынысыңызды ұстаңыз. Деміңізді асықпай шығарыңыз, босаңсуды қадағалаңыз және өз ойынша: бұл процедураны 5-6 рет қайталаңыз. Содан соң 20 секундтай демалыңыз.
3.Ерік күшімен кейбір бұлшық еттерді ( қол, аяқ кеуде) жиырыңыз. Жиыруды 10 секундқа дейін ұстап содан соң бұлшық еттерді босаңсытыңыз. Осылайша денеңіз бойымен өтіңіз (барлық бұлшық еттеріңізді босаңсытыңыз). Онда олармен не болып жатқанына көңіл аударыңыз. Бұл процедураны үш рет қайталап, босаңсыңыз, ештеңе ойламаңыз.

4.Босаңсу сезімін: аяқ башпайларынан бастап, балтыр санға, денеден басқа дейін өзіңізді нақты елестетуге мүмкіндік беріңіз. Өз ішіңізден: «Мен толық тыныштықтамын, маған бәрі жағымды, мені ешнәрсе мазаламайды» деп қайталаңыз.
5.Босаңсу сезімі денеңіздің барлық бөлігіне таралып жатқаның елестетіңіз.
Сіздің иығыңыз, мойныңыз, бет бұлшық еттері (ауыз ашық болуына болады) босаңсығаның сезініңіз.
6.Онға дейін санаңыз, ойша әрбір саннан кейін сіздің бұлшық еттеріңіз барған сайын босаңсып жатқанын ойша өзіңізге айтыңыз. Енді сіздің бір ғана тапсырысыңыз – босаңсу күйінен рахат алу.
7.Босаңсудан «шығатын» кез келді. 20-ға дейін санаңыз. Өз ішіңізден: «Мен жиырмаға дейін санап біткеннен кейін, менің көзім ашылады, мен өзімді сергек сезінемін. Қол –аяқтағы жағымсыз күштер кетеді» деп айтыңыз.
Берілген жаттығуды аптасына екі-үш рет орындауға кеңес береміз.

Үйде жасалатын жаттығу

Еркін үйде өзіңізбен жүргізілетін жұмыс түрлері, алдымен бір-екі рет оқып мазмұнын толық түсініп, болғаннан кейін ғана жүргізуді қолға алыңыз. Алдымен сіз өзіңіз 10-15 минут бөлмеде жеке қалғаныңыз жөн, теледидар, әуен, ұялы телефон сөндірілгені абзал. Бір сәт сыртқы әлемді ұмытып, өзіңіздің ішкі әлеміңізге кетуге мүмкіндік беріңіз.Нұсқау: өзіңіз ыңғайлы жайғасыңыз, оның нұсқасы: жерде жұлдызша болып жату, екі аяқтың ортасы ашылған, екі қол екі жаныңызда ашық, денеңіздің толық босаңсуына мүмкіндік жасаңыз, егер жатуға мүмкін болмаса онда отыру аяқтарыңыз жерді сезінсін, табан толық жерге қойылған, алақан ашық тізеді бос жатады, бел түзу орындықты толық алуы керек. Ешнәрсе ойламай тек мұрныңызбен терең тыныс алып, ішіңізге ауаны өткізіп, содан 10-ға дейін санап жәймен ауыздан шығару, кемінде 3 рет қайталаңыз.
Кез-келген жаттығу кемінде жиырма бір күн қайталауды қажет етеді. Бір рет жасап нәтиже бермеді деп сөгіп жүрмес үшін алдын-ала ескертіп жатқаным. Себебі жұмыртқадан жиырма бір күн дегенде балапан шығады екен, ал бізде психологияда дағды қалыптасады, ал қырық күн дегенде ол автоматтанады. Денедегі қысымды түсіру бір күнде жүзеге асатын процесс емес, дұрыс түсініңіз. содан соң бұлшық еттерді босаңсытыңыз. Осылайша денеңіз бойымен өтіңіз (барлық бұлшық еттеріңізді босаңсытыңыз). Онда олармен не болып жатқанына көңіл аударыңыз. Бұл процедураны үш рет қайталап, босаңсыңыз, ештеңе ойламаңыз.

Қорытынды: Есіңізде болсын: жігерлі, күшті адамдар өз қателігін мойындаған «қолынан ештеңе келмейді» - деген ұғым емес. Жай ғана жолың болмады. Сенің алдыңда әлде де көп сынақтар бар. Соны жеңуді ойлан. Сен күштісің, ақылдысың және бақыттысың! Қолыңнан бәрі келеді!!!