23
ноябрь
2023
"Жомарт түлек" жобасы аясында 9 «Ә» сынып
№54 орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың қарашаның 23 күні "Жомарт түлек" жобасы аясында 9 «Ә» сынып білім алушыларымен түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген елімізге белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, мамандық туралы көзқарасын, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкестігін нақтылау мақсатында 2018 жылғы мектебіміздің түлектері Жұмабек Диас пен Бақтыбайұлы Рамазанмен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушылар мамандыққа байланысты сұрақтар қоя отырып , пікір алмасты.
Диас Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетін 2021 жылы аяқтап, осы жоғарғы оқу орнындағы магистратураға түсіп, оқуын жалғастыруда. Ал Рамазан Сулеймен Демирел атындағы Университетінде(СДУ) Ақпараттық жүйелер факультетін тәмәмдап, қазіргі таңда Алматы қаласындағы «One Technologies» компаниясында IT мамандығы бойынша жұмыс жасауда.