Бос орынға конкурс жариялау!!! » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға конкурс жариялау!!!
22
август
2023

Бос орынға конкурс жариялау!!!

Әлеуметтік педагог . (1 жүктеме). Тұрақты орын.

  Біліктілікке қойылатын талаптар:

 тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргені туралы құжат;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
 және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
 

1. 40 сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалған график және директор бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

2. Әрбір оқу жылына, әрбір оқу тоқсанына арналған өз жұмысын өзі жоспарлайды. Жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жоспарлы кезең басталған соң 5 күннен қалдырмай бекітеді.
 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз қызметі туралы жазбаша түрде есеп беріп отырады.
 4. Әкімшілігінен нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

5. Мұғалімдермен, оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) тығыз бірлестікте жұмыс істейді;  әкімшілігімен және педогог қызметкерлерімен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады. 

6. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалармен жұмысты ұйымдастыру. 
7. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен және асхана жұмысын ұйымдастыру.
8. Жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру.
9."Мектепке жол" акциясын ұйымдастырып отыру.
10. Мектептің әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын және іс -құжаттарын талапқа сай жүргізіп отыру. 


  1. Білуге міндетті:
    1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін,"Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негізделген білім беру" бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін,мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
  2. Біліктілікке қойылатын талаптар:
    1. Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі;
    2. оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша"педагог-модератор", "педагог-сарапшы",  "педагог–зерттеуші","педагог – шебер" санатының болуы.
Лауазымдық жалақысы: 80 000- 130 000 мың тг

 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
 

118-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
 6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 
 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 
 11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 
 12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
 13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсан №513 бұйрығының (19.11.2021 №568,2012 21.02. №57 бұйрығына  өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.


 Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 31 тамыз  2024 жылға дейін  жасалынады;
ØБос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 54-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
Ø2023-2024 оқу жылдың 22 тамыздан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде 22-31.08.2023 жыл күндер аралығында  мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
ØҚұжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 01.09-07.09.2023ж күндері.
ØШешім шығарудың соңғы күні 07.09.2023 жыл
  Конкурс өткізілетін орын:
 Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Саду Шакиров көшесі №82 мекен жайында орналасқан №54 орта мектебінің 2 қабаты, қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 52-04-95.
 Электронды адресс:mektep54@mail.kz