29
апрель
2020
Педагогкүнделігінен Бекмурзина Алия Халиловна
#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Тараз қаласы
N54 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бекмурзина Алия Халиловна
Қазіргідей елең-алаң уақытта баршамызға белгілі, қашықтықтан оқу жүйесіне көшкені.
Әрине, бұл уақытша құбылыс, өтпелі кезең.
Математика пәні бойынша оқушыларға сабақты қашықтықтан түсіндіру, қазіргі таңда жоғары дайындықты талап етеді. Әр баланың жауабы, есебі, шығару жолы және тақырыпты меңгергені өте маңызды.
Әр сабақты, әр сыныпқа барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, оқушыларға тиімді етіп дайындаймын. Қазіргі уақыт- секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Оқушыларға мейлінше қызықты бейнежазбалар, суреттер, логикалық есептер және т.с.с. керекті дүниелерді алуға жағдай жасалынған. Атап айтқанда, «BilimLand», «Daryn.online» және т.с.с білім беру платформаларын пайдалану өте тиімді.
Бұл ретте біздің ата-аналарымыздың үлесі зор. Әр баланы күнделікті дайындап, қадағалап отыр.
Бүгін біз сын сағатында тұрмыз. Осы сынақтан сүрінбей, ешқандай қиындыққа қарамастан, оқушыларға білім беру басты міндетім деп білемін.