Түлек kz » Страница 2 » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жомарт түлек» жобасы
25
январь
2023
«Жомарт түлек» жобасы
2023 жылдың қаңтар айында  «Жомарт түлек» жобасы аясында түлектеріміздің табысты өмір жолын жас ұрпаққа таныстыру мақсатында №54 мектебіміздің 2013 жылғы түлегі Нұрсалем Ғазиза Ғабитқызымен 8 "Б" сынып оқушылары кездесу өткізді. Нурсаламова Ғазиза мектепті аяқтаған соң, ТарМПУ-нің "Дефектология" мамандығын, ҚазҰПУ -нің "Шетел тілі: екі шет тілі" бойынша магистратурада білім алған. Қазіргі таңда Тараз қаласының № 1 гимназиясында мұғалім қызметін атқарады. Кездесу барысында түлегіміз өз өмір
"Мамандық- өмірдің бағдары" тақырыбында 7 «Ә», «В» сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өткізілді
29
ноябрь
2022
"Мамандық- өмірдің бағдары" тақырыбында 7 «Ә», «В» сынып білім
Білім алушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру мақсатында "Мамандық- өмірдің бағдары" тақырыбында 7 «Ә», «В» сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында мектебіміздің 2014 жылғы түлегі «Үздік аттестат» иегері, «Түркия стипендиясы» грантының жеңімпазы, бүгінгі таңда,  «Insider» компаниясы Digital өсу маманы Дидар Меруертпен онлайн сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында мектебіміздің түлегі мамандық таңдаудағы өз
"Жомарт түлек" жобасы
31
октябрь
2022
"Жомарт түлек" жобасы
"Жомарт түлек" жобасы аясында мектебіміздің түлегі, "Алтын ұя" мектебіне деген сүйіспеншілігін жеткізу, құрмет көрсету, алғыс айту мақсатында, бүгінгі түлек ертеңгі мамандық иесі екіндігін насихаттау мақсатында қыркүйек айында кездесу ұйымдастырылды. 11"А" сынып білім алушылары мектебіміздің түлегі Жатқанбай Алтынай Сәкенқызымен кездесіп, пікір алмасты.Мектебіміздің түлегі-мектебіміздің мақтанышы. Алтынай Сәкенқызы қазіргі таңда "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін
"Жомарт түлек" жобасы
23
сентябрь
2022
"Жомарт түлек" жобасы
"Жомарт түлек" жобасы аясында мектеп бітіруші түлектерге туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен құрметін көрсету,бүгінгі білім алушы ертеңгі  мамандық иесі екендігін насихаттау мақсатында қыркүйек айында кездесу өтті.  11 Ә сынып білім алушылары мектебіміздің түлегі және осы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боп қызмет істейтін Рахымбердиева Айгерім Нәбиқызымен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында түлегіміз түрлі сұрақтарға жауап берді,берілген жағдаяттардан шығу
«Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің 8 сынып білім алушылары арасында танымалы тұлға Абай Ерболұлымен кездесу өткізілді.
12
май
2022
«Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің 8 сынып білім алушылары
«Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің 8 сынып білім алушылары арасында танымалы тұлға Абай Ерболұлымен кездесу өткізілді. Абай Ерболұлы "Қазақстан Барысы - 2017" қазақ күресінен өткен турнирде қола медаль алып, облысымыздың намысын қорғап жүрген азамат. Қазіргі таңда "Жекпе-жек" кәсіпқой спорт клубында аға жаттықтырушы болып жұмыс атқарады. Кездесу барысында қонағымыз өз еңбек жолымен таныстыра отырып, өз ісінің маманы болудың маңызы зор екенін баса айтты.
2022 жылдың 10 мамыр күні 9 сынып білім алушылары "Парасат" колледжінде  «Ашық есік» күніне қатысты.
10
май
2022
2022 жылдың 10 мамыр күні 9 сынып білім алушылары "Парасат"
2022 жылдың 10 мамыр күні 9 сынып білім алушылары "Парасат" колледжінің базасымен таныстыру мақсатында  ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында экскурсия жасай отырып шәкірттер көрмесіне, сынып бөлмелеріне, зертханаларға, шеберханаларға барды, дайындайтын мамандықтарымен танысты, спорт залын аралады.
2022 жылдың 5 мамырында «Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің 9"Ә", 9"Б" сынып білім алушылары арасында түлегіміз Атымтай Жомартпен кездесу өткізілді.
05
май
2022
2022 жылдың 5 мамырында «Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің
2022 жылдың 5 мамырында «Жомарт түлек» жобасы аясында мектебіміздің 9"Ә", 9"Б" сынып білім алушылары арасында түлегіміз Атымтай Жомартпен кездесу өткізілді. Қазіргі таңда Жомарт  "125 білім беру орталығында" физика пәні оқытушысы болып жұмыс атқарады.  Кездесу барысында білім алушылар қонағымызға  сұрақ қоя отырып, мамандық таңдау бойынша ақыл-кеңес алды. Кездесу қызықты өтті.
«Жомарт түлек» жобасы аясында №54 орта мектебінде түлекпен кездесу өткізілді.
28
апрель
2022
«Жомарт түлек» жобасы аясында №54 орта мектебінде түлекпен кездесу
«Жомарт түлек» жобасы аясында №54 орта мектебінде 7 "Г" және 7 "Д" сынып оқушылары арасында түлекпен кездесу өткізілді. Қонақ ретінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс атқаратын мектеп түлегі Маукенова Ақнұр шақырылды. Кездесу барысында қонағымыз өз еңбек жолымен таныстырып, білім алушыларға ақыл кеңесін айтты. Кездесу қызықты өтті.
Мектебімізде "Жомарт түлек" жобасы аясында кездесуі өтті.
21
апрель
2022
Мектебімізде "Жомарт түлек" жобасы аясында кездесуі өтті.
Мектебімізде "Жомарт түлек" жобасы аясында кездесуі өтті. Аталған кездесуге Жамбыл өңірінен шыққан, қазіргі таңда еліміздің полиция саласында капитан қызметін атқарып жүрген мектеп түлегі Тамабек Жұлдызай  қатысты. Кездесудің мақсаты- түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің, табысты өмірін, жас ұрпаққа үлгі ету. Кездесу барысында 7 сынып білім алушыларымыз түлегіміздің еңбек жолымен таныса отырып, ақыл-кеңес алды.
«Жомарт түлек» жобасы аясында
07
апрель
2022
«Жомарт түлек» жобасы аясында
  №54 орта мектебінде 07.04.2022 ж. күні 7 «З» және 8 «В» сынып білім алушылар арасында мектебіміздің түлегі Беген Ақтоты Бекжанқызымен кездесу өтті. Беген Ақтоты Бекжанқызы қазіргі таңда Жамбыл облыстық жедел жәрдем медициналық станция диспетчерлік қызметі мекемесінде фельдшер болып жұмыс атқарада. Кездесу барысында  өзінің фельдшер ісі мамандығы бойынша қиындығы мен қызықты сәттеріменен бөлісті. Білім алушылар да өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, кездесу қызықты өтті.