2025-2026 оқу жылы жетістіктері мен білім сапасы » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025-2026 оқу жылы жетістіктері мен білім сапасы
16
июнь
2026

2025-2026 оқу жылы жетістіктері мен білім сапасы

Құрметті педагогтер, ата-аналар, оқушылар және мектеп қауымдастығы!

2025–2026 оқу жылы мектеп ұжымы үшін нәтижелі де мазмұнды жыл болды. Жыл бойы мектептің стратегиялық даму жоспары аясында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қолдау, тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Оқу жетістіктері мен білім сапасы

Оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы 65,4%-ды құрады. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелері білім беру бағдарламаларының сапалы меңгерілгенін көрсетті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңінде 28 оқушы жүлделі орындарға ие болды:
І орын - 1 оқушы;
ІІ орын - 4 оқушы;
ІІІ орын - 23 оқушы.
Жүлдегерлер қатарында Аллаберген Жанерке, Ахунова Томирис, Рахымбек Даниял, Бейбіт Айтөре, Зару Айару, Болат Ұлпан, Байдалы Інжу, Манат Қайрат, Күмісбек Бексұлтан, Исан Ильяс,  Кожамкулова Адия, Аскарова Асель, Усеин Каусар, Жанайдар Ақтоты, Мусретбек Ақниет, Талғат Каусар, Қалдыбек Дарина, Айтбай Аяжан, Аман Асылай, Ықылас Еркеназ, Құдайберген Ерасыл, Жарылқасын Нұрболат, Рахметулла  Нұрасыл, Манатбай Ақзере, Нұрлан Абдульазиз, Байғани Айзере, Төлеген Ақзере, Қалманбет Зере бар.
Облыстық олимпиададан Аллаберген Жанерке Грамотамен марапатталды.

Ғылыми жобалар байқауларының қалалық кезеңінде 16 оқушы жүлделі орындар иеленді.
І орын - 1 оқушы;
ІІІ орын - 14 оқушы;
Алғыс хат - 1 оқушы.
Олар:
Ықылас Еркеназ, Берікқызы Жұлдызай, 
Бауржан Аяла, Жангазина Айзере, Мыңжасарова Раушан, Бекмурат Аршын, Байдилла Амина, Нұрғали Жасмин, Малтабар Әділхан, Маратбек Темірлан, Джуманиязова Айым, Жанайдар Ақтоты, Аллаберген Жанерке, Шалахан Аяла, Болат Диана, Нұрлан Нұрислам.
Облыстық конкурста Нұрлан Нұрислам Грамотамен марапатталды.
Оқушылар республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік байқауларда жоғары нәтижелер көрсетті.

«Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасы

Жалпы жүлделі орын саны – 178:
І дәрежелі диплом – 74;
ІІ дәрежелі диплом – 82;
ІІІ дәрежелі диплом – 22.
«Кенгуру» халықаралық математикалық ойын-конкурсы

Жалпы жүлделі орын саны – 129:

І орын – 44;
ІІ орын – 56;
ІІІ орын – 29.

«Bebras» информатика ойын-конкурсы

Жалпы жүлдегер саны – 15 оқушы:
ІІ орын – 5;
ІІ орын – 8;
ІІІ орын - 2.
Сонымен қатар оқушылар бірнеше республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі кәсіби байқауларда жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

Тәрбие жұмысы

Мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылды. Қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесі – 90%, спортпен тұрақты шұғылданатын оқушылар үлесі – 87%, кітап оқуға тартылған оқушылар үлесі – 75% болды.

Оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, әлеуметтік жобалар мен волонтерлік қозғалыстарға қатыстыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын тапты.

Педагогтердің кәсіби дамуы

Мектепте 116 педагог қызмет етеді. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті жетілдіру курстары, семинарлар, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Кезекті аттестаттау рәсімінен өткен педагогтердің үлесі – 23%, біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі – 77%.

Сонымен қатар педагогтердің кәсіби байқауларға, ғылыми-практикалық конференцияларға және семинарларға қатысуы қамтамасыз етілді.

Мектепішілік рейтинг қорытындысы

Оқу жылының қорытындысы бойынша педагогтердің кәсіби қызметіне кешенді талдау жүргізіліп, мектепішілік рейтинг анықталды.

Рейтинг нәтижесінде «Үздік 10 ұстаз» қатарына енген педагогтер:
Серикқызы Аида
Әбуша Ақмарал
Қорабек Индира
Алипова Алия
Бисимбаева Алтынай
Абыхан Мақпал
Қапар Айгүл
Мирсеитова Салтанат
Абдусаметова Раушан
Нурбаева Ақмарал
Аталған педагогтер оқушылардың білім сапасын арттыруға, олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жетістіктерін көбейтуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосты.

Индикаторлардың орындалуына талдау

Жыл қорытындысы бойынша индикаторлардың басым бөлігі орындалды.

Сонымен қатар бірқатар көрсеткіштер жоспарланған деңгейге толық жеткен жоқ:

жоғары санатты педагогтердің үлесі – 45,1% (жоспар – 55%);
жаңартылған кабинеттер үлесі – 22% (жоспар – 35%);
интерактивті панельдермен жабдықталу – 10% (жоспар – 20%);
спорт алаңдарының жаңартылуы – 10% (жоспар – 15%);
қалалық олимпиадаға қатысу үлесі – 44% (жоспар – 52%);
облыстық және республикалық олимпиада кезеңдеріне қатысу көрсеткіші – 15%;
озық тәжірибені таратуға қатысқан педагогтер үлесі – 40% (жоспар – 50%).
Көрсеткіштердің орындалмауына кадрлық өзгерістер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базаны жаңарту жұмыстарының толық аяқталмауы және олимпиадалық резервтің жеткілікті деңгейде қалыптаспауы әсер етті.

2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер

Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және аттестаттаудан өту көрсеткішін көтеру;
Дарынды оқушылармен жұмысты күшейту және олимпиадалық резерв қалыптастыру;
Материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстарын жалғастыру;
STEAM, робототехника және пәндік кабинеттерді заманауи құралдармен жабдықтау;
Педагогтердің озық тәжірибесін жинақтау және тарату жұмыстарын жандандыру;
Білім сапасы көрсеткіштерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу.
Қорытынды

2025–2026 оқу жылы мектеп ұжымы үшін нәтижелі жыл болды. Оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, зияткерлік және шығармашылық байқаулардағы жетістіктері, педагогтердің кәсіби белсенділігі мен тәрбие жұмысының нәтижелері мектептің даму бағытының дұрыс екенін көрсетті.

Мектеп ұжымы алдағы оқу жылында білім сапасын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.