Мамандық таңдау маңызды шешім. » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мамандық таңдау маңызды шешім.
29
январь
2021

Мамандық таңдау маңызды шешім.

2021 жылдың 29 қаңтар күні 9 сынып білім алушыларымен кәсіптік бағыт бағдар және мамандықты таңдауға бағыт беру мақсатында  «Мамандық таңдау – маңызды шешім!» тақырыбында әңгіме-сұхбат жұргіліді. Білім алушыларға мамандықтар, мамандық бойынша қандай пәндер бағытын таңдау туралы түсіндірілді.   Видеороликтер мен слайд көрсетілді. Бұл іс-шараның мақсаты –  болашақ мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға,   бойларыңызда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларыңызды білу, ой бөлісу. Кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту және терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

         Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар және ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар туралы ой-пікірлерін анықтадық.

Оқушылар назарына «Болашақта жойылып кету мүмкін 7 мамандық», «Жалақысы жоғары 7 мамандық»,  «Мамандық таңдауда кеңес» және жоғарғы оқу орнына түсу үшін нақты білім беру бағдарламасын яғни бейінді пәндерді қалай дұрыс таңдау керек! атты бейнероликтер көрсетілді.  Іс-шарада оқушыларға «Миға шабуыл»— ой қозғау әдісі бойынша сұрақтар қойылды.Мамандық дегеніміз не?.  Оларға мамандық дегеніміз не?, мамандықты қалай дұрыс таңдау қажет екені туралы мәліметтер мен ұсыныстар берілді.