03
апрель
2023
Бос орынға конкурс жариялау!!!
Бос орынға конкурс жариялау!!!
Психолог- 1 жүктеме, уақытша орын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Психолог- 1 жүктеме, уақытша орын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары педагогикалық білім
- Педагогикалық білім
- Педагогикалық өтілі 3 жылдан кем болмау керек.
- Білу керек:
ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық көмек көрсету туралы» заңын, «ҚР балаларды қорғау туралы» заңын, «Балаларды қорғау Конвенцияны» басқа да білім жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттарды, педагогика және жас ерекшелігіне байланысты психологияны, социлогия, физиология, гигиена негіздерін, бағдарлы әдістемелік құжаттарды, «Еңбек Кодексінің» негіздерін, «Еңбекті қорғау» туралы заңы
- Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалар мен жас өспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; әдістемелік бірлестік, озық іс-тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім және мұғалім-ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін білуі, сараланған тұрғыдан балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу әдістемесін өздігінен әзірлей білуі, жұмысында озық тәжірибені қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлей білуі, оны апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша шығармашылық топқа жетекшілік жасай білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
Біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жасөспірімдермен және балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде сараланған тұрғыдан қарым-қатынас жасауды ескере отырып, өздігінен тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, жұмысында озық іс-тәжірибені қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік орта, арнаулы орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман :
Біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогигалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы, озат педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық техналогияларын өз жұмыстарында пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Лауазымдық міндеттері:- Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
- Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).
- Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.
- Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.
- Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленгеннысанбойыншақұжаттаманы жүргізеді.
- Инклюзивтібілім беру қағидасындамытады.
- Білімалушылар мен тәрбиеленушілерарасындакиберкультура мен кибергигиенаныдамытады.
- Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді
- Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
- Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
- Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.
- Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.
- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
- Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
- Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
- Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Лауазымдық жалақысы: 100 000 -150 000 тг
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
118-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсан №513 бұйрығының (19.11.2021 №568,2012 21.02. №57 бұйрығына өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 1 жылға жасалынады;
Ø Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 54-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
Ø2022-2023 оқу жылдың 03 сәуірден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде 03.04.2023 -11.04.2023жыл күндерінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
ØҚұжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 12.04-18.04.2023ж күндері.
ØШешім шығару күні 18.04.2023 жыл
Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Саду Шакиров көшесі №82 мекен жайында орналасқан №54 орта мектебінің 2 қабаты, қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 52-04-95.
Электронды адресс:mektep54@mail.kz