17
январь
2024
2024 жылдың 12 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО»
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг орта білім беру ұйымдарының
базасында 4 және 9-сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын кешенді тестілеу форматында жүзеге асырылады және білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
2024 жылдың 12 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының профессорлық-оқытушылар құрамы мектебіміздің «Зерде» оқу-әдістемелік орталығымен бірге педагогтеріміз үшін әдістемелік десант ұйымдастырды.
Бастауыш сынып және тілдік пәндер бойынша педагогтерге секциялық жұмыстар аясында ББЖМ тест тапсырмаларын орындау тиімділігіне терең талдау жүргізіп, пәннің үлгілік бағдарламасымен жұмыста оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалардың күрделілік деңгейлеріне назар аудартты.
Институттың «Инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Сейданова Дина Абдижалеловна, Бейсенкулова Андия Акбергеновна, Бектурганова Карлыгаш Кемелхановна және Карымбаева Сағадат Мейрамбевна пән мұғалімдеріне оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту, оны бағалау тәсілдерінің тиімділігін тәжірибелік жұмыстар мен тренинг жүргізу арқылы көрсетіп, әдістемелік ұсыныстар берді.
Пән мұғалімдері функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған саралау тапсырмаларын талдап, зерделеп, өмірмен байланыстырып, тұжырымдау, дәлелдеу және базалық, орташа, жоғары деңгейлік тапсырмаларды құрастыруды меңгерді.