2022 жылдың 12 сәуірі күні мектебіміздің 10 сынып білім алушылары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым күніне арналған «Ашық есік» күніне қатысты.
«Ашық есік» күніне қатысты
2022 жылдың 12 сәуірі күні мектебіміздің 10 сынып білім алушылары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылым күніне арналған «Ашық есік» күніне қатысты. Білім алушыларымыз көрмелерді тамашалап, ондағы даярлайтын мамандықтар және жетістіктерімен танысып қайтты.
№54 орта мектебімізде 2022 жылдың 8 сәуірінде «PISA-2022» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтті. PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтау.
«Ақпараттық-талдау орталығының» бас талдаушысы Баймаханбетов Мұхит Абилкасымович өз сөзінде дайындық барысындағы құжаттар және ақпараттық бұрыштар, мектептегі компьютерлік кабинеттердің, білім алушылардың дайындығы, ұйымдастырылу барысының жоғары деңгейде болғандығын атап өтіп, мектеп ұжымына ризашылығын білдірді. Қорытынды кезеңінде білім алушыларға зерттеуге қатысқандары үшін алғыс айта отырып, алғыс хаттармен марапатталды, силық ретінде «Математика» анықтамалық құралы берілді.
PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық барысында 2022 жылдың 24 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушылары мектебіміздің ұстаздарына әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында аға оқытушы А.Есмырзаева білім алушылардың функционалдық сауаттылығы шеңберіндегі креативті ойлауды дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар жасаса, аға оқытушы С.Қарымбаева білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды әзірлеу және оған сараптама жасауда мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырды. Семинардың қорытынды бөлімінде тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларда жиі қайталанатын қателіктермен жұмыс бойынша кері байланыс жасалды.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 24-30 наурыз аралығында дайындық кестесі бекітіліп, кесте бойынша қосымша сабақтар жүргізілуде. Дайындық барысында білім алушылар оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша тапсырмалар орындай отырып өз білімдерін жетілдіруде.



