11
март
2022
Кәсіптік бағдар беру
Кәсіптік бағдар беру мақсатында №54 орта мектептің 9-сынып білім алушылары 2022 жылдың 11 наурыз күні Тараз сервис және технология колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру және қонақ үй шаруашылығы» бағытында өткізілген декадаға қатысты. Декада барысында «Салқын және ыстық сусындар» атты өндірістік оқыту сабағында білім алушылар сусындарды дайындау барысын бақылап, өз қолдарымен де әзірледі. Білім алушылардың аспаз мамандығына деген қызығушылығы оянып, болашақта сол мамандықтың пайдасы мол екендігін түсінді.

