9 сынып білім алушылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
2022 жылдың 21 сәуір күні 9 сынып білім алушылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында экскурсия жасай отырып шәкірттер көрмесіне, сынып бөлмелеріне, зертханаларға, шеберханаларға барды, онда колледж студенттері оларды әр мамандықпен таныстырды, шеберлік сабақтарына қатысты, мұражай мен колледждің спорт залын аралады.