15
май
2023
"Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық - әдістемелік аспектілері"
Мектебіміздің зерттеуші-педагогтары Айыпова Нұржамал Өмірзаққызы мен Рысдәулетова Қаламқас Жамбылқызы "Өрлеу" БАҰО-нан 24.04-5.05.2023 жылы "Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық - әдістемелік аспектілері" тақырыбында курстан өтіп келді. Курстан кейінгі қолдау ретінде екі әріптес бүгін мектептің тәлімгер-ұстаздарын жинап, курс барысында алған мәліметтерімен бөлісті. Мектепке жаңа келген жас маманмен жұмыс жүргізудің жылдық жоспарын құруды түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті








