14
май
2022
2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты 13, 14 мамыр күндері бітіруші түлектердің жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1.Қорытынды аттестаттау жұмыстары (9,11сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау емтихандары, өткізілу тәртібі, уақыты т.б.)
2. 2021-2022 оқу жылының соңындағы іс-шаралар туралы.
Мектеп басшысы Раиса Дастенқызы ата-аналарға бітіруші түлектердің алдағы уақытта іс-шараларының ұйымдастырылуына байланысты бірқатар таныстыру жұмыстарын атап өтті.
Бітіруші түлектердің барлықтарына төмендегідей іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады:
· іс-шараларды мейрамханада өткізуге;
· іс-шараларға түрлі әртістер мен аниматорларды,агентстволарды шақыруға; · автокөліктерді жалға алып қыдыруға,экскурсияға баруға;
· дербес сыйлықтар сыйлауға;
· мерекелік дастархандар ұйымдастыруға;
· оқу жылын аяқтауға байланысты түрлі мақсатта (мектеп бітіру кештері, ҰБТ аттестаттау, жөндеу жұмыстарына, ұстаздарға сыйлық алуға) қаражат жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертілді;
Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты:
Оқу жылының аяқталуына орай оқушылар мен мектеп түлектері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында 24 мамыр мен 17 маусым аралығында қала аумағында жедел алдын алу рейдттік іс-шаралары ұйымдастырылатындығы ескертілді.
«Соңғы қоңырау» күні оқушылар тарапынан заң бұзушылыққа баруына (қала сыртына, экскурсияға, жорыққа шығуына, таңды қарсы алуға(рассвет), автокөліктермен заңсыз шеру ұйымдастыруға, кешкі уақытта ата аналарсыз жүруін болдырмау, жалға пәтер, коттедж алып кештер ұйымдастыруға, су қоймаларына, көлшіктерде, сонымен қатар Талас өзенінің жағалауына үлкендердің қадағалауынсыз баруға, мейрам және демалыс (каникул) күндері кезінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ата-аналарға жүктелетіндігі ескертілді.