08.04.2019 жылы ата-аналарға мектепте ақша жинамау және сыйлық беруге болмайтындығы туралы жиналыс өткізілді » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 08.04.2019 жылы ата-аналарға мектепте ақша жинамау және сыйлық беруге болмайтындығы туралы жиналыс өткізілді
08
апрель
2019

08.04.2019 жылы ата-аналарға мектепте ақша жинамау және сыйлық беруге болмайтындығы туралы жиналыс өткізілді

08.04.2019 жылы ата-аналарға мектепте ақша жинамау және сыйлық беруге болмайтындығы туралы жиналыс өткізілді



№54 орта мектебі
Ата-аналар жиналысының
хаттамасы

Тараз қаласы08.04.2019 жыл

Қатысқандар:
1.Мектеп директоры: Тоғысова Раиса Дәстенқызы
2.Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Е.Жантлесов
3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Меирманов
4.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Оразбай
5.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Асанкулова
6.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:К.Қожатаева
7.1-11 сынып ата-аналары
8.Сынып жетекшілер

Күн тәртібінде:

1.Мектеп ішінде ата-аналардан ақша жинауды болдырмау туралы.
2.Әр түрлі мәселелер

1.Тындалды: «Мектеп ішінде ата-аналардан ақша жинауды болдырмау туралы».
2.Сөз алды: мектеп директоры Тоғысова Раиса Дәстенқызы ата-аналар жиналысының мақсатымен таныстырып, күн тәртібіндегі қаралартын мәселелерге тоқталды.
Құрметті ата-аналар мектеп ішінде ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауға тыйым салынған. Сонымен қатар, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері тарапынан «Тоқсандық және бөлімдік жиындық бағалауға» қатысты ақша жинауға жол берілмейді. Ақша жинауға жол берген мұғалімдер тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз. Егер мұғалімдер ақша жинау туралы ұсыныс жасайтын жағдайлар орын алған кезде мектеп әкімшілігіне ескертулеріңізді сұраймыз немесе мектебіміздің үшінші қабатында сенім жәшігі орналастырылған, сенім жәшігіне мәлімет берсеңіздер де болады.
3.Сөз алды: ДҚТІЖО Е.Жантлесов: - Мектеп ішінде оқушылар мен ата-аналардан мүлдем жол берілмейді. Егер ата-аналар мектеп пен жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаймын десе ол үшін мектебімізде қамқоршылық кеңесі құрылған, есеп шоты ашылған. Құрамында 15 адам бар. Жылдық жұмыс жоспары құрылған. Қамқоршылық кеңесінің ережесіне сәйкес жұмыс атқарылуда. Қамқоршылық кеңесімен бірлесіп әрекет жасауына мүмкіндіктеріңіз бар. Ал қалған уақытта мектепе мұғалімдері, сынып жетекшілері тарапынан ата-ана мен оқушылардан ақша жинауға жол жоқ.
4.Сөз алды: ДОІЖО А.Асанкулова: - Мектептің 9, 11 сынып бітіруші оқушылар және бастауыш сыныптың 4 сыныбынан 5 сыныпқа көшетін оқушылардың ата-аналарына, мектеп үшін естелікке деп сыйлық, ақшалай сый, сынып жетекшілер үшін деп сый-сияпат жасауға болмайды.
5.Сөз алды: ДТІЖО А.Мейрманов: - мектеп бітіруші оқушылардың ата-аналарына балалардың кешін ұйымдастыру, емтихан кезінде мектеп ішінде дастархан жаюды ұйымдастыру, жекелеген пән мұғалімдеріне сыйлық әзірлеуге мектеп пен мұғалімдерін қатыстыруға қатаң тыйым салынатындығын атап өтті.
Қаулы: мектеп ішінде оқушылардан, ата-аналардан қандай жағдай болмасын ақша жинамау жұмысы қатаң бақылауға алынсын.


[/center]Мектеп директоры Р.Д.Тоғысова

[center]
Хатшы Бөлегенова М.