18
декабрь
2021
Жомарт түлек жобасы аясында кездесу өтті
2021 жылдың 18 желтоқсан күні «Жомарт түлек» жобасы аясында елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында мектебіміздің 2013 жылғы түлегі Ақмолда Нұрсауле Жаңабекқызымен кездесу өтті. Ақмолда Нұрсәуле 11 сыныпты аяқтаған соң мемлекеттік грантын иеленіп, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің «Жалпы медицина» факультетіне түскен. Ол оқу орнынан жалпы тәжірибе дәрігері мамандығын алып, Тараздағы №9 емханада дәрігер қызметін атқарады.
Кездесу барысында түлегіміз 9-сынып оқушыларына мамандық таңдауда қателеспеу керектігі туралы кеңес бере отырып, тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар азаматтары болуын тілеп тілегін айтты.




Кездесу барысында түлегіміз 9-сынып оқушыларына мамандық таңдауда қателеспеу керектігі туралы кеңес бере отырып, тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар азаматтары болуын тілеп тілегін айтты.



