Қашықтықтан оқыту, білім алушы Рымбекова Гүлжанар » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқыту, білім алушы Рымбекова Гүлжанар
01
май
2020

Қашықтықтан оқыту, білім алушы Рымбекова Гүлжанар


#Қашықтықтаноқыту
#Бізбіргеміз
Рымбекова Гүлжанар
білім алушы
Жамбыл облыстық "Қызықты есептер құрастыра білесің бе?" байқауының өтілетінін сынып жетекшім, əрі математика пəндерінің мұғалімі Битанова Эльмира Қыдырбайқызы апайымнан естігенде байқауға қатысуға бірден келісім бердім. Себебі: мен ойдан оқиғалар шығаруды, ертегі немесе əңгіме жазуды бала кезден ұнатамын. Сондықтан бірлесу мəтіндік есептерін құрау мен үшін жаңа жəне қызықты бастама болып табылды. Ең алғаш қызықты есеп құрастыру үшін актуалды жаңалықтарды қозғағым келді. Сондықтан бүкіл əлемдік пандемияға қатысты мəтінді есептерді құрап шығардым. Нəтижесінде облыстық байқаудан 3 орын иегері атандым. Бұған өте қуаныштымын. Менің тек хоббиім болған қызығушылығым жетістікке алып келді. Алдағы уақытта байқауларға қатысып өзімнің бағымды сынап, үлкен тəжірибелер алғым келеді. Өйткені: менің тəжірибем болса, болашақтағы кітап жазу туралы арманымды орындауға мүмкіндігім артар еді.