27
апрель
2020
Педагогкүнделігінен Битанова Эльмира Қыдырбайқызы
#Педагогкүнделігінен
#Бізбіргеміз
#Қашықтықтаноқыту
Математика пәнінің мұғалімі Битанова Эльмира Қыдырбайқызы
Қазақстан мектептері «Covid-19» қауіпті індетінің елімізге келуіне байланысты 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Ұстаз ретінде сабақты сыныпта жан-жақты талқылап, кең көлемде пікір алысып өткізіп үйренген ұстаздарға бірден қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу оңай болмады. Соның бірі мен, 16 жыл жұмыс өтілім бар, өзім туралы айта кетсем: маған көп дайындалуға тура келді, дегенмен ғылым мен техниканың дамығаны соншалық қажеттіні әлеуметтік желіден алып оқушыларға таратқанмен, өзім түсіндіргендей болмайтынын байқадым. Мен оқыту платформаларының ішінен ойлана отырып «Whats-App» желісін таңдадым. Бұл жерде мен мұғалім ретінде әрбір оқушының жүрегінен жол тауып, әдіс-тәсілдерімен жаңа сабақ мазмұнын игертудің жақсы жолын таптым. Осы бір қиындықтантан шығудың жолын таптым десемде болады. Әр тақырыпқа үйден бейнекөріністер (видеосабақ) түсіріп, қажетті формулалар мен есептердің шығарылуын толық түсінікті етіп жазып, сабақта тақырыпта не туралы айтылатыны жайында қысқаша, нақты мәліметтер дайындап түсіріп жіберіп отырдым. Оқушыларға осы әдіспен түсіндіргенім ұнады және түсінікті болды. Оқушылардың есепті қатесіз әрі жылдам шығарғандарынан байқадым. Күнделікті сабақта смартфонның арғы бетіндегі оқушыны өзіме жақын тартып, шәкіртке деген мейірімді төгуге асығамын. Әр сабағыма сынып ерекшелігін ескере отырып бұрынғыдан да бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндемін. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымды пысықтап, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудамын. Қашықтықтан оқыту кезінде кейбір мектепте көп жауап бермейтін оқушылар дауыстап (голосовой) жауап бергенде қуанышқа бөленесің. Қашықтықтан оқи отырып, оқушыларды жақсы танып, жақындап кеткендейсің. Сабақ барысында оқушылардың мектепті, ұстазды сағынғаны көрініп тұрғандай. «Бүгінгі сабақтан мен өзіме қажетті білім алдым», «сабақ түсінікті», «бәрін жазып алдық», «бәрібір сіздің өзіңіздің түсіндіргеніңізге жетпейді екен»-деген оқушылардың ойларын оқығанда, ұстаз болғаныма қуанамын.