Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Е.Кумековтың мектеп оқушыларымен кездесуі » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Е.Кумековтың мектеп оқушыларымен кездесуі
06
март
2019

Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Е.Кумековтың мектеп оқушыларымен кездесуі

06.03.2019 ж сағат 15.30 Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Е.Кумеков №54 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіп, дәріс оқыды. Мектеп оқушыларына беймезгіл уақытта көшеде заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы және жауапкершілігі туралы, түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында жүргуге болмайтындығы және жауапкершілігі туралы, әлеуметтік желіде отырудың тиімсіздігі, әр түрлі пайдасыз, зиянды сілтемелердің кедергі келтіретіндігі туралы түсіндіру жұмыстары, мектепке қымбат смартфон, айфон, айпат, бағалы заттар алып келуге болмайтындығы туралы, сабаққа келіп – кетуде жолда абай болу қажеттігі ескертілді. Жолда жүру ережелерін сақтау керектігі айтылды. Қоғамдық орындарда, саябақтарда, мәтени шараларда, рухани құндылықтар орналасқан орындарда, көшеде, мектеп ішінде, сыныпта қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі, қоршаған ортаны ластамау қажеттігі, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, ескерткіштерді теуіп сындыруға болмайтындығы, ұқыптылықпен қарау қажеттігі туралы айтылды.
Сонымен қатар, бопсалау фактілері бойынша дәріс оқылды.