«Жомарт түлек» жобасы » №54 орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№54 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жомарт түлек» жобасы
09
февраль
2023

«Жомарт түлек» жобасы

Ақпан айының 9 күні «Жомарт түлек» жобасы аясында 9 «Е» сыныбы мектебіміздің түлегі Садуа Төлеби Қанатұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – мектебімізден түлеп ұшқан, елімізге адал еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Кездесу барысында білім алушылар белсенділігін танытып көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды,  сұрақтарына жауап алды. Төлеби Қанатұлы оқушыларға мектеп өмірінің қызықты сәттер екендігін, болашақта мамандық таңдауда қателеспеулеріне кеңес берді. Мектептегі қызықты сәттерімен, мұғалім мамандығына қалай келгендігі жөнінде естеліктерімен бөлісті. Кездесу оқушыларға жақсы әсер сыйлады.