2025-2026 оқу жылының басталу бұйрығы
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №54 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ | КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА №54 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ТАРАЗ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ» |
БҰЙРЫҚ № 605 | ПРИКАЗ |
26 тамыз 2025 жыл Тараз қаласы
«2025-2026 оқу жылының басталуы және аяқталу мерзімдерін,
орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды
аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы
3тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің 2025 жылғы 05 тамыздағы «Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін,сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» №174 бұйрығын орындау, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының 2025 жылғы 21 тамыз күнгі №440-Ө бұйрығын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- №54 орта мектебі бойынша оқу жылының басталуы және аяқталу мерзімдерін, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдері төмендегі тәртіппен белгіленсін:
Мектепалды және 1-11 сыныптардағы оқу сабақтары – 2025 жыл 1 қыркүйек -2026 жыл 25 мамыр аяқталсын;
1-11 сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан 8 оқу аптасы, күзгі демалыс-күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан -8 оқу аптасы,қысқы демалыс -күнтізбелік 10 күн ( 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан -10 оқу аптасы,көктемгі демалыс-күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында );
1-сыныптарда: қосымша демалыс -күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында);
4-тоқсан -8 оқу аптасы.
9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамыр –11 маусым аралығы;
2. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10) сынып білім алушылары үшін барлық талаптарды сақтай отырып:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2026 жылғы 29 мамыр;
3) қазақ тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан -– 2026 жылғы 08 маусым;
4) орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым;
11 (12) сынып білім алушылары үшін барлық талаптарды сақтай отырып:
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2026 жылғы 05 маусым;
3) қазақ тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 09 маусым;
5) орыс тілі жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым;
3. 9,11 сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттау барлық талаптарды сақтай отырып, 2026 жылы 29 мамыр-15 маусым аралығында өткізілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.Садуова, М.Момбеков және А.Асанкуловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
Мектеп директоры: С.Б.Битореева