22
июнь
2018
2017-2018 оқу жылындағы "Ғибрат" тәрбие орталығының жұмысы
1. 2017-2018 оқу жылында мектептің «Ғибрат» тәрбие орталығының тақырыбы:
«Жас ұрпақты азамат етіп тәрбиелеуде құзырлы тұлғаны қалыптастыру». Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастыру және дамыту.
Мақсаты:
Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастыру және дамыту.
Міндеттері:
-Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиелеу;
-Тұлғаны әлеуметтік жауапкершілікке, заңды сыйлауға тәрбиелеу;
- Оқушылардың рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелдену қасиеттерін қалыптастыру;
-Әрбір баланың шығармашылық қабілетін, табиғи дарындылығын анықтау және дамыту;
-Оқушылардың тәрбиелік дәрежесін көтерудегі сынып жетекшісінің жұмысын белсендіру;
-Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру;
Ұраны:
“Талап - өзіңнен, талант - табиғаттан, оқы да үйрен, ғибраттан”
Құралдары:
- Ұлттық мәдениет пен этнопедагогика.
- Халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.
Тәрбие жұмысын жоспарлау барысында төмендегі бағыттар қамтылды: Сынып жетекшілермен әдістемелік нұсқаушылық жұмыс. Сынып жетекшілермен жеке жұмыс - Жалпы мектептік ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру. - Пән бірлестігімен жұмыс. - Қосымша білім беру мамандарымен жұмыс. - Жалпы мектептік ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру. - Оқушыларме жеке жұмыстар. - Өзіндік басқару жүйесі - Ата – анамен байланыс жұмыстарын жоспарлау. – Мектептен тыс мекемелермен жұмыс.
-Оқушыларға адамгершілік, этномәдениеттік, патриоттық тәрбиеге аса назар аудару;
-Тәрбие үрдісінің инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу;
-Ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланыс болу;
2. Тәрбие жұмысы жүйесінің моделі.
Тәрбие – ұзақ үрдіс. Кез – келген мектептегі тәрбие ісінің басты мақсаты – сол мекеменің тәрбиелік жүйесін қалыптастыру болуы тиіс. Білім беру мекемесіндеөзіндік тәрбиелік жүйе құрып алмай, тұлғаны тәрбиелеуде табысты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мектеп тұлғаны білім мен тәрбие бере отырып саяси санасын өсіреді, мәдениет пен өркениет жетістігіне баулиды, құқықтық санасын өсіріп, әлеуметтендіреді. Мектебіміз әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл – Фарабидің «Алдымен адамға білім емес тәрбие беріледі, тәрбиесізге берілген білім адамзаттың қас жауы» деген қағида сөзін берік ұстанады. Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәннінде әр қырынан айтылмай келді. Сондықтан біз көбіне оқушының шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын білеміз. Біз бұрын баланы тәрбие субъектісі ретінде емес, объекті ретінде көріп келдік. Жарты ғасыр бойы үстемдік еткен технократиялық ойлау тәрбие мақсаты мәдениетпен,мектеппен,оқушының өзімен анықталатынын түсінуге жол бермеді. Тек тәуелсіздік алған соң ғана оған субъекті ретінде мән берілуде және оның өзегі болып атбылатын басты қасиеттермен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.
Жаңа қоғамның ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәресте шағынан басталады, үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді. Тәрбие жұмысы белгілі бір жүйе бойынша жүргізілген уақытта ғана нәтижелі болмақ. Осы мақсатта мектептің «Ғибрат» тәрбие орталығы, мектептегі «Зерде» ғылыми-әдістемелік, «Жас қыран» өзін-өзі басқару, психодиагностикалық, құқық бұзушылықты алдын алу орталықтарымен және мектептен тыс мекемелермен үнемі жүйелі байланыста бола отырып, 1-4 сыныптар бойынша бастауыш сатысы түлегінің моделін, 5-8 негізгі сатысы бойынша оқушы моделін, 9-11 бағдарлы сатысы бойынша оқушы моделін шығарды. Ол оқушы моделі арқылы денсаулығы мықты, білімді, ой-өрісі кең, өз елінің де, өзге елдің де мәдениеті мен тарихын құрметтейтін, өмірде елінің салт-дәстүрін жалғастыратын полимәдениетті тұлға болуы тиісті. Жоғарыда көрсетілген негізгі стратегиялық бағыттарды іске асыру жолында мектеп ұжымы бірқатар жұмыстар жүргізді.
3.Нормативтік құжаттар:
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды: – Қазақстан Республикасының Конституциясы; – «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); − «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014. 17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); – «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); – «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы; – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»; – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»; – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»; – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); – Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген; – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген; − «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы; – «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қаулысымен мақұлданған; – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 Бұйрығымен бекітілген; – «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрғына 14-қосымша «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.Рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал.Елбасы Н.Ә.Назрбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы,«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі.«Тәрбие және білім» кіші бағдарлама.
5.Мектепішілік бақылау.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлы түрде мектепішілік бақылауға алып, басқаруды іске асыру үшін қаралаған негізгі мәселелер:
Педагогикалық кеңесте:
1. «Мәңгілік ел» идеясы аясында патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру - тұлғаны тәрбиелеудің негізі
2. «Жас Ұлан» ұйымының жұмысттарын жүзеге асыру барысы.
3.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
Директор жанындағы кеңесте:
1.Жолда жүру ережесін сақтауды ұйымдастыру.
2.ҚР «Тіл туралы» Заңын орындау мақсатында ұйымдастырылған іс – шаралардың қорытындысы.
3.Оқушылардың белсенді іс әрекетінің жүргізілу деңгейі.
4.Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарының үйлестірілуі.
5.Оқушылардың тәрбиелік деңгей мониторигісінің қорытындысы.
6.Балалардың өзін –өзі басқару ұйымдарының жұмыстарын талдау.
7. Сынып жетекшілерінің сыныппен өткізілетін тәрбие жұмыстарына талдау жасау.
8.ҚР Рәміздері туралы ереженің орындалуы мақсатында ұйымдастырылған іс – шаралар қорытындысы.
Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша жұмыстар (8 бағыт)
1.«Отбасылық тәрбие» айлығындағы атқарылған жұмыстар
2017-2018 оқу жылының қыркүйек айының 1-30 күндері аралығында
оқушыларды отбасылық дәстүрлер мен қазақстандық қауым қажеттіліктері негізінде қалыптасқан жалпы адамзатық және ұлттық құндылықтарға бейімдеу мақсатында «Отбасылық тәрбие» айлығының іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілді.8 қыркүйек күні 6 «Б» сынып жетекшісі Г.Қожатаеваның «Шаңырақ шуағы» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты өте қызықты өтті. «Отбасы тәрбиесі» тақырыбына тәрбие сағаттарын 1-11 сыныптың сынып жетекшілері өткізді.18 қыркүйек күні 9 «Ә» сынып жетекшісі Б.Амризатова «Отбасым-бақыт мекенім» тәрбие сағатын, 20 ақпан күні сурет пәнінің мұғалімі Қ.Әмірова «Бақытты жанұя» тақырыбында 5-6 сынып оқушылар арасында сурет байқауын өткізіп, қорытындысын шығарды. «Сағындырған әндер-ай»атты отбасылық әндер байқауы өтті.Отбасындағы анасы немесе әкесі мен баласы өлең айтып жарысты. Байқау өте жақсы деңгейде өтті «Тілім-тірегім, соғып тұрған жүрегім!» 22.09.17 күні мерекелік кеш өтті. «Менің отбасым-менің байлығым» эстафеталық ойын 18.09.17 күні денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.Умирзакова мен Б.Нарбаеваның ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өткізді. 21 қыркүйек күні 9 «ә» сынып жетекшісі Б.Амризатова «Мықты отбасы-мықты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстелін, 22 қыркүйек күні 6 «Б» сынып жетекшісі Г.Қожатаева«Отбасы- өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағатын өз дәрежесінде өткізді. «Отбасы-тәрбиенің ұясы»тақырыбында 3 «а», 4 «а», 4 «в», 6 «д» 7 «а» 7 «б» сыныптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
«Ең,ең .....жыл отбасы»байқауын өткізу педагог-ұйымдастырушы А.Туғанбаеваға тапсырылсын.Ата-ананың мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыру тақырыбында семинар өткізу мектеп психологы Г.Сихымкулова өткізді.Айдың соңында мектеп психологы Г. Сихимкулова «Отбасылық тәрбие» айлығының тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша оқушылардан сауалнама алып, қорытындысын жасады.
2.Рухани – адамгершілік тәрбие айлығының атқарылған жұмыстары
№ 54 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес қазан айы «Рухани – адамгершілік!» тақырыбында тәрбие айлығы өтті. Барлық сынып бөлмелерінде «Рухани – адамгершілік!» бұрыштама ілініп, 6-сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды.
№ 54 орта мектебінде оқушыларды адамгершілік сезімі туралы білім деңгейін кеңейту және отбасы мен мектеп арасында байланыстарын нығайту мақсатында жоспар жасалынды. Жоспар бойынша барлық сынып кабинеттерінде бұрыштар қайта жасақталып, сынып тәрбие сағаты және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді:
«Ұстаз аты –ұлы есім» тақырыбында 4 «ә», 4 «г», 9 «ә», 9 «г», сыныптары және жетекшілері ұстаздарға арналған мерекелік жоғары дәрежеде өтті. «Кәріге құрмет – балаға міндет» тақырыбында 3 «Г» сынып жетекшісі Д.Ахаева ашық тәрбие сағатын өткізді.«Ұстазым өзіңмен мақтанамын» тақырыбында 3 «А» сынып жетекшісі А.Жүнісова ашық тәрбие сағатын өткізді.Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар аясында 5 сынып оқушылары қалалық мұражайларға тарих пәні мұғалімі Е.Иманқожа апарып қайтты.«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты қайырымдылық концерттін мектеп тәлімгері Э.Қыдыралиева «Жас Ұлан» ұйымымен қарттар үйіне өткізді.«Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей» тақырыбында 11 «а» сынып жетекшісі З.Оразбаева дөңгелек үстел өткізді.«Адамгершілікке жатпайтын қылықтар» ашық тәрбие сағатын 4 «В» сынып жетекшісі Л.Абашева өткізді. «Алло, таланттарды іздейміз» атты байқауы педагог- ұйымдастырушы А.Туғанбаева мен тәлімгер Э.Қыдыралиева өткізді.«Ән –көңілдің ажары» 27.10.17күні оқушы мен мұғалімдер арасында байқау өтті. Байқауды педагог- ұйымдастырушы А.Туғанбаева мен тәлімгер Э.Қыдыралиева өткізді.Мектеп психологтары Г. Сихимкулова мен А.Жұмағұлова рухани – адамгершілік тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жасап, өткізді.
3.«Көпмәмениетті және көркем-эстнтикалық »тәрбие айлығының атқарылған жұмыстары
Оқушылардың көпмәдениеттілігін және көркем-эстнтикалық және дарындылығын, ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін кеңістік қалыптастыру мақсатында 2017-2018 оқу жылының қараша айының 1-30 күндері аралығында «Көпмәдениетті және көркем-эстнтикалық» айлығы өткізіліп, жұмыстар жүргізілді, яғни «көпмәдениетті және көркем-эстнтикалық»айлығының іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.
Жоспар бойынша 1-3 сынып «Біз бақытты баламыз»тақырыбында тәрбие сағатын, 8 «Ә» сынып жетекшісі Қуатова .А «Қазақстанды әлемге танытантын ЭКСПО-2017 көөрмесі» ашық тәрбие сағатын өткізді. 4-5 сынып жетекшілері «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым » тақырыбында тәрбие ағаттарын өткізді. 6-7 сынып жетекшілері «Сыпайы болсаң-сыйлысың» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізсе, 9 сыныптар арасында «Жастар-мәңгілік ел болашағы» дөңгелек үстел сынып жетекшілері өткізді.
Сонымен бірге педагог- ұйымдастырушы А.Туғанбаева және тәлімгер Э.Қыдыралиева 7 «Ә» сынып жетекшісі Г.Бекетаева және 7 «Б» сынып жетекшісі С.Нұрбаеваның ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысы өз дәрежесінде өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей болды.
1.«Бас жүлде» - 7 «Ә» сынып Жақсылық Әділет және Жұмақадір Мөлдір
2.І орынды - 7 «Г» Ілияс Нұрсәт және Тоқтағазы Айнаел
3.ІІ орынды – 6 «Д» Н.Жұманазаров және Ұ.Нұрқожаева
4.ІІІ орынды – 7 «А» Махкам Әділет және Оразбай Жібек
Ай соңында мектеп психологы Г.Сихымкулова айлық бойынша оқушылардан сауалнама алып, қорытындысы төмендегідей болды:
2-4 сыныптар аралығында сауалнама 3 сұрақтан, жауабы 2 нұсқадан (А – иә, Ә - жоқ) тұрады. Әр сыныпқа сауалнама қорытындысы бойынша нәтижелері шығарылды. Мына төмендегідей сұрақтар қойылды.
1.Қараша айында қандай тәрбие айлығы өтті?
2.Өтілген айлыққа байланысты сыныпта іс – шара өтті ма?
3.Айлыққа байланысты толық мәлімет ала алдыңдар
4.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие айлығындағы атқарылған жұмыстары
№ 54 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес желтоқсан айы Қазақстандық патриотизм мен азаматтық қалыптастыру бағыты бойынша оқушылармен жүргізілетін жұмыстар тәрбие айлығы өтті. Барлық сынып бөлмелерінде Қазақстандық патриотизм мен азаматтық қалыптастыру бағыты бойынша бұрыштама ілініп, сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды.
№ 54 орта мектебінде оқушыларды адамгершілік сезімі туралы білім деңгейін кеңейту және отбасы мен мектеп арасында байланыстарын нығайту мақсатында жоспар жасалынды. Жоспар бойынша барлық сынып кабинеттерінде бұрыштар қайта жасақталып, сынып тәрбие сағаты және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді
Оқушылардың елжандылық сезімдерін, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тәрбие, өнеге, әңгіме сағаттар, диспут, дөңгелек үстел, дебат, түрлі іс-шаралар өткізу сынып жетекшілерге өткізді. Олар:
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шараны 9 «В» сынып жетекшісі Карбаева А, 8 «Б» сынып жетекшісі Пирматова Ф, 6 «Д» сынып жетекшісі Битанова Э , 3 «А» сынып жетекшісі Жүнісова А, 3 «Ә» сынып жетекшісі Джомарткулова өткізді.
1 Желтоқсан – СПИД-ке қарсы күніне орай 9 «Ә» сынып жетекшісі Б.Амризатова, мектеп медбикесі В.Рыскелдиева орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. «Қазақстан - байтақ ел» плакаттар байқауы сурет пәнінің мұғалімі Қ. Әмірова өткізді. «Менің Қазақстан» атты ашық тәрбие сағаттарын 0-1 сыныптары өткізді. «Елбасы – ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаттарын 2-3 сынып жетекшілері өткізді. «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы - Елбасы» атты ашық тәрбие сағаттарын 4-5 сынып жетекшілері өткізді. «Президент және тарих» атты ашық тәрбие сағаттарын 6-7 сынып жетекшілері өткізді. «Елбасы –ел қалауы тірегіміз» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. «Тұңғыш Президент және Қазақстан» атты көрмені кітапханашы Г.Сағынтаева өткізді. «Ұлт Көшбасшысы –Елбасы» тақырыбында көрмені өнер бірлестігі өткізді. Денешынықтыру бірлестігі «Біз Елбасымен біргеміз» атты спорттық іс-шара өткізді.Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп тәлімгері Э.Қыдыралиева «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына 20 оқушы қабылдады.
Акт залында 9 «а» сынып жетекшісі Қ.Сейтқұлова, 8 «а» сынып жетекшісі Г.Қапанова, 4 «а» сынып жетекшісі Т.Ақшалова, 4 «б» сынып жетекшісі Ұ.Мелдебекова, 4 «в» сынып жетекшісі Л.Абашованың ұйымдастыруымен «Ерлігің дастан, ұрпаққа мақтан—Тәуелсіз Қазақстан»тақырыбында салтанатты кеш өткізілді.«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын 1-4 сынып жетекшілері өткізді. «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» атты ашық тәрбие сағаттарын 5-8 сынып жетекшілері өткізді. «Тәуелсіздік ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаттарын 9-11 сынып жетекшілері өткізді. «Ерлігің дастан, ұрпаққа мақтан» желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен АӘД пәні мұғалімі Н.Тілеу, тарих пәні мұғалімі Е.Иманқожа оқушылармен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған көрме ұйымдастыру Өнер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ф. Пірматова өткізді. Айдың соңында айлық бойынша оқушылардан сауалнаманы мектеп психологі Г. Сихимкулова алып, қорытындысын шығарды.
«Қош келдің -2018» жаңа жылдық мерекелік кеші 0-5 сыныптар арасындағы оқушыларға 27 желтоқсан күні, 28 желтоқсан күні 6-11 сынып арасындағы оқушыларға өткізілді.
5.Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие айлығындағы атқарылған жұмыстар
№ 54 орта мектебінде оқушылардың өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында 2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес қаңтар айы «Еңбек,экономикалық және экология» тақырыбында тәрбие айлығы өтті. Барлық сынып бөлмелерінде «Еңбек,экономика және экология» тәрбие айлығына бұрыштама ілініп, 5-сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды.
2018 жылы қаңтар айының 8 мен 31-і аралығы еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие айлығы болып жарияланды. Барлық сыныптарда еңбек,экономикалық және экологиялық бағытында тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс іс – шаралар сынып жетекшілер өткізді. Тәрбие сағаты: «Еңбек- сыры неде?!» 1-11 сынып жетекшілері өткізді. Сурет байқауын: «Менің Қазақстаным – менің болашағым» сурет пәнінің мұғалімі Әмірова Құралай өткізді. Ашық тәрбие сағаты:«Табиғатты аялайық» 4-5 сынып жетекшілер өткізді. Сахналық қойылым: «Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық» 6 «ә»,6 «в» сынып жетекшілері өткізді. Ашық тәрбие сағаты: «Экология және денсаулық» 9 «ә» сынып жетекшісі Б.Амризатова өткізді. Тәрбие сағаты: «Қоршаған ортаны қорғайық» 6 -7 сынып жетекшілері өткізді. Акция: «Менің ағашым» 2-3 сынып жетекшілері өткізді. Тәрбие сағаты: «Еңбек- түбі береке» 8-9 сынып жетекшілері өткізді. Шығарма: «Мен таңдаған мамандықтың қоғамға пайдасы» 10-11 сынып жетекшілері өткізді. «Экология-ел тағдыры» дөңгелек үстел биология пәнінің мұғалімі С.Мирсейтова өткізді. Байқау «Ән- көңілдің ажары» ДТІЖО А.Меирмановқа,мектеп тәлімгері Қыдыралиева Э. және педагог- ұйымдастырушы А.Туғанбаеваға, 2 «в» ,2 «б» сынып жетекшілері өткізді.
«Жігіт сұлтаны-2018» байқауы ДТІЖО А.Меирмановқа, мектеп тәлімгері Қыдыралиева Э. және педагог- ұйымдастырушы А.Туғанбаеваға 4 «д» ,4 «е» сынып жетекшілері өткізді. Айдың соңында мектеп психологы Г. Сихимкулова «Еңбек,экономикалық және экологиялық » айлығының тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша оқушылардан сауалнама алып, қорытындысын жасады.
6.Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты айлығында атқарылған жұмыстар
№ 54 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес ақпан айы «Дене тәрбиесі,салауатты өмір салтын қалыптастыру» тәрбие айлығы болып өтті. Барлық сынып бөлмелерінде «Дене тәрбиесі,салауатты өмір салтын қалыптастыру» күні бұрыштама ілініп, сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды.
№ 54 орта мектебінде оқушыларды дене тәрбиесі,салауатты өмір салты туралы білім деңгейін кеңейту және отбасы мен мектеп арасында байланыстарын нығайту мақсатында жоспар жасалынды. Жоспар бойынша барлық сынып кабинеттерінде бұрыштар қайта жасақталып, сынып тәрбие сағаты және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді:Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір сүру дегеніміз?» атты тәрбие сағатын 1-11 сынып жетекшілері өткізді.Тәрбие сағаты «Салауатты өмір салтын сақтау – болашақты жақтау» атты тәрбие сағатын 1-4 сағатын өткізді.Ашық тәрбие сағаты «Ішімдік ішу - өзіңді-өзің құрту» атты сағатын 5-11 сынып жетекшілері өткізді.«Дені сау ұрпақ-ел болашағы» флешмоб биін мектеп тәлімгері Қыдыралиева Эльмиражәне «Жас ұлан» ұйымы,педагог ұйымдастырушы Туғанбаева Ақмарал және «Адал ұрпақ»ұйымы өткізді.Сынып сағаты «Никотин және спорт» атты іс-шараны 8-9 сынып жетекшілері өткізді.Сынып сағаттарын: «ЖҚТБ ауруынан қорғанудың жолы – салауатты өмір салтын қолдау» атты 10-11 сынып жетекшілері өткізді.Дөңгелек үстел: «Зиянды әдеттерден жиренейік» 4 сынып жетекшілері өткізді.Тәрбие сағаты «Денім сау болсын десең» 5 «б» сынып жетекшісі Иманқожа Еркін өткізді.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда» атты мектеп оқушылары (қыздар) арасында өткізілген волейболдан қалалық турнир «Бізің денсаулығымыз-өз қолымызда» мәдени спорттық шараны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дүйсембиев Жақсылық өткізді.
Тренинг: «Денсаулықты сақтау – баршаның міндеті» сынып жетекшілер және мектеп медбикесі өткізді. Тәрбие сағаты «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ДТІЖО және 8-10сынып жетекшілері өткізді.Ай соңында айлық бойынша оқушылардан сауалнаманы мектеп психологі Г. Сихимкулова алып, қорытындысын шығарды.
7.Ұлттық тәрбие айлығындағы атқарылған жұмыстар
Оқушыларды ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кеійінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру,халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылықа,мейірімді,қайырымды болуға,халықтық салт-дәстүрімізді,ұлттық мұрамызды дамытуға тәрбиелеу мақсатында наурыз айы «Ұлттық тәрбие» айлығының іс-шаралар жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілді.
Жоспар бойынша 1 наурыз күні «Көктем аруы-2018» байқауын 4 сыныптар арасында өткізілді, «Қыс сыны-2018»байқауын 1-2 сынып жетекшілері өткізді.5 наурыз күні мектеп тәлімгері Эльмира Қыдыралиеваның ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің гүлі» тақырыбында әже-аналарға арнап мерекелік кеш өткізілді,7 наурыз күні 2 «е» сынып жетекшісі Жазира Әуелбекова 2 «г» сынып жетекшісі Мархабат Ниетбаева, 8 «Ә» сынып жетекшісі Ажар Қуатова, 8 «в» сынып жетекшісі Гүлім Турбаеваның ұйымдастыруымен «Ана деп көркем жыр төккен,армысың ару нұр көктем» мерекелік кеш мерекелік іс-шарасы өз дәрежесінде өткізілді.Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлттық ойындар» апталығын дене шынықтыру бірлестігі және жетекшісі-Өмірзақова Света өткізді.Өз елімнің,Отанымның мәдениеті мен салт-дәстүрін,мәдени ескерткіштерінің тарихымен таныстыруды тарих пәнінің мұғалімі Иманқожа Еркін өткізді.
«Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» ашық тәрбие сағатын 1-11 сынып жетекшілері өткізді. «Қазақтың ұлттық ойындары» тәрбие сағатын 1-4 сынып жетекшілері өткізді. «Ұлтым деп асқақтаған ұлан» тәрие сағатын 5-11 сынып жетекшілері өткізді. «Армысың,әз Наурыз-2018»тақырыбында мерекелік кешін 7 «а» сынып жетекшісі Ақмарал Нұрбаева, 6 «г» сынып жетекшісі Әлжаппар Дүйсенкүл, 5 «а» сынып жетекшісі Алтынай Болжырова, 2 «а» сынып жетекшісі Айнұр Жүнісова өткізді.
Айдың соңында айлық бойынша оқушылардан сауалнаманы мектеп психологі Гүлвира Сихымкулова алып,қорытындысын шығарды.
8.«Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениет» тәрбие айлығында атқарылған жұмыстар
№ 54 орта мектебінде оқушылардың зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін кеңістік қалыптастыру мақсатында 2017-2018 оқу жылының сәуір айының 3-30 күндері аралығында «Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениет» туралы айлығы өткізіліп, жұмыстар жүргізілді, яғни «Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениет» туралы айлығының іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.Жоспар бойынша барлық сынып кабинеттерінде бұрыштар қайта жасақталып, сынып тәрбие сағаты және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді
Жоспар бойынша «Ақпараттық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында тәрбие сағатын 8 сынып жетекшілері өткізді. «Зияткерлік» тақырыбында интелектуалды сайысты 6 «А»сынып жетекшісі Ә.Бекмурзина жақсы деңгейде өткізді. «Тапқыр достар» тақырыбында тәрбие сағаты 1-4 сынып жетекшілері өткізді. «Жас инспекторлар» сайысын педагог- ұйымдастырушы Туғанбаева А. және мектеп тәлімгері Қыдыралиева Э. және 6-7 сынып жетекшілері өткізді.Жарыс нәтижесі бойынша:
1.І-орынды - 7 «Г» сыныбы иеленді.
2.ІІ-орынды – 6 «Д» сыныбы иеленді.
3.ІІІ-орынды – 7 «Б» сыныбы иеленді.
6-7 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын биология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева А. жақсы деңгейде өткізді. «Қауіпсіз желі» акциясын мектеп психологы өткізді. «Желідегі сөйлеу мәдениеті», «Интернет желісі менің өмірімде» тақырыптарға шығармалар жазу мен буклет шығару жарысын қазақ тілі бірлестігі және сынып жетекшілері өткізді. «Компьютерлік марафон» байқауын информатика пәні мұғалімдері өткізді. Кәсіби бағдарлық тренингті мектеп психологы Сихымкулова Г. өткізді. Колледж өкілдерімен кездесулерді 9 сынып жетекшілері өткізді. «Көктемдік қайырымдылық аптасы»-акциясын әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері өткізді. Саптық ән түзеу байқауын АӘД пәнінің мұғалімі Тілеу Нұржан өткізді. «Мамандықтар әлемі» сабақтық кездесуді 9-11сынып жетекшілері өткізді. «Интернет менің өмірімде» тақырыбында сурет салу байқауын бейнелеу пәнінің мұғалімі Қ.Әмірова және 3-4 сынып жетекшілері өткізді. Айлық бойынша оқушылардан сауалнаманы мектеп психологы Сихымкулова Г. алып қорытындысын шығарды.
7 «А» сынып жетекшісі Г.Қапанова «Ақпараттық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында тәрбие сағатын, 6 «А» сынып жетекшісі А.Нұрбаева «Алтын қақпа» зияткерлік ойынын өткізді. 5 «А»сынып жетекшісі Ә.Бекмурзина «Зияткерлік» тақырыбында интелектуалды сайысын өткізді.«Тапқыр достар» тақырыбында тәрбие сағатын 6 «В» сынып жетекшісі Г.Алдабергенова өткізсе, 8 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын 8 «А» сынып жетекшісі Қ.Сейітқұлова өткізді. Сонымен бірге педагог- ұйымдастырушы Т. Исағұл, 8 «Б» сынып жетекшісі Қ.Дүйсебаева және 9 «Г» сынып жетекшісі А.Болжырованың ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны -2017» сайысы өз дәрежесінде өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей болды.
5.«Бас жүлде» - 9 «Б» сынып сұлтаны Рабил Марлен
6.І орынды - 9 «А» сынып сұлтаны Дүйсенбек Ақаділ
7.ІІ орынды – 8 «Б» сынып сұлтаны Биболат Ернұр
8.ІІІ орынды – 8 «А» сынып оқушысы Өмірзақ Бекзат
8.ҚР мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша жұмыстар.
Кез келген елдің мемлекеттілігінің тарихын куәландыратындай барлық уақыттарда мемлекеттік рәміздер патриоттық тәрбиенің және ұлттық намысты қалыптастырудың ең басты құралы, қоғамдағы саяси мәденитеттің маңызды бөлігі ретінде елді біріктіруші қасиетті таңбалардың бірі болған.
2017-2018 оқу жылында № 54 орта мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы» Бұйрық № 1 т 47
Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыруда Тәуелсіз Қазастанның мемлекеттік рәміздерін оқып-үйрену мақсатында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» мектепішілік бұйрық № 1 т 47 шығарылып іс-шара жоспары жасалынды.
1 қыркүйек- Білім күні және 16 желтоқсан-ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимні шырқалды. 1-4 сыныптарда « Тәелсіздік тұғыры биік болсын!»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 5-8 сыныптарда «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»атты тәрбие сағаттарын өткізді. 9-11 сыныптарда «Тәуелсіз ел тірегі» атты тәрбие сағаттарын өткізді. 1-11 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы оқушылардан сауалнама алынды.Сауалнама қорытындысын мектеп психологы Г.Сихымкулова өткізді.
2017-2018 оқу жылындағы №54 орта мектептің 1-4 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздерге құрмет-азаматтық міндет» тақырыбында алынған тестінің мониторингісі.
2017-2018 оқу жылындағы №54 орта мектептің 5-7 сыныптар арасында
«Мемлекеттік рәміздерге құрмет-азаматтық міндет»
тақырыбында алынған тестінің мониторингісі.
2017-2018 оқу жылындағы №54 орта мектептің 8-11 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздерге құрмет-азаматтық міндет»

Үйірме жетекшісі Әкімбаев Б. 5 ,6 ,8 сыныптар арасында «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» эссе жазу байқауы, 8 сыныптың сынып жетекшілері А.Қалдыбаева,А.Қуатова,Қапанова Г,Турбаева Г,Пирматова Ф. «Қазақстан рәміздері ұлтымыздың намысы» ашық тәрбие сағаты, 6 сыныптар арасында К.Қожатаева «Менің Отанымның рәміздері» тақырыбында байқау,
3,7 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздерімізді жақсы білесің бе?» атты викторина ,5 «А» сыныбының сынып жетекшісі А.Болжырова «Рәміздерім- елдігімнің бесігі» призентация, 1 сыныптар арасында «Менің елімнің рәміздері» атты суреттер, 4 сыныптар арасында «Мақтанышым- мемлекеттік рәміздер» шығармалар байқауы өтті. 2-10 сыныптардан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне байланысты сауалнама алынып,қорытынды нәтижесі директор жанындағы кеңесте қаралды.
9.Оқушылардың тәрбиелік деңгейі туралы жұмыстардың сараптамасы.
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау мақсатында сәуір айында 1-11 сыныптар аралығында зерттеу жұмысы өткізілді. Зерттеуде оқушының тәрбиеге қатысты рухани байлығы мен сапаларын сынып жетекшінің бағалауы арқылы әр оқушы туралы мағлұмат алуға және сыныптын тәрбиелік деңгейін анықтауға мүмкіндік туды. Сынып жетекшілер 11 критерийлер арқылы оқушыларды бағалады. Оқуға қатынасы, еңбекке қатынасы, сыртқы бейнесі, қоғамдық жұмысқа, өнерге қатынасы, спортқа қатынасы, үйірмеге қатынасы, сабақ кезіндегі және үзіліс кезіндегі тәртібі, адалдығы, салауатты өмір салтына көзқарасы, ұқыптылығы. Әр критерий үшін 5-ұпайлық жүйемен бағаланды. 5-4,5-өте жақсы; 4-4,4-жақсы; 3,9-2,9-орта деңгейде; 2,8-2-төмен деңгейде. Нәтижені өңдеуде тәрбиеліліктің жалпы деңгейінің орташа арифметикалық ортасы шығарылды, әр сыныптың тәрбиелік деңгейі анықталды.
Оқушылардың жылдық тәрбие деңгейін анықтау мақсатында 2-11 сынып аралығында зерттеу жұмысы өткізілді. Зерттеуде оқушылардың тәрбиеге қатысты рухани байлығы мен сапаларын сынып жетекшісінің бағалауы арқылы әр оқушы туралы мағлұмат алуға және сыныптың тәрбиелік деңгейін анықтауға мүмкіндік туды. Сынып жетекшілер 11 критерийлер арқылы оқушыларды бағалады. Оқуға қатынасы, еңбекке қатынасы, сыртқы бейнесі, қоғамдық жұмысқа, өнерге қатынасы, спортқа қатынасы, үйірмеге қатынасы, сабақ кезіндегі және үзіліс кезіндегі тәртібі, адалдығы, салауатты өмір салтына көзқарасы, ұқыптылығы. Әр критерий бес ұпайлық жүйемен бағаланды. Осы критерийлердің орта балын есептеу барысында әр сыныптың тәрбиелік деңгейі анықталды. Сыныптың тәрбиелік көрсеткішітері сынып жетекшінің сыныппен жұмыс жасай алуына тікелей байланысты. Кэмбридж бағдарламасы аясында жалпы мектептің негізгі басымдықтары негізінде топтағы диалог, өзін-өзі бағалау арқылы оқушылардың өзін-өзі және басқаларды құрметтеуге үйренді. Барлық сыныптардағы сабақтарда топтық жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде оқушылар арасындағы қарым қатынас жақсы көрініс бере бастады. Оқушылар бірін – бірі сыйлап, ынтымақтастықтары күшейді. Бұл әрине тәрбие үрдісінде көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелеу арқылы оқушылар арасындағы қарым - қатынас және сөйлеу мәдениеті жақсарды. Жаңа бағдарлама негізінде құрылған тәрбие үрдісі балалардың тәрбиесіне жақсы ықпал етті. Соған дәлел, мектептің төмендегі тәрбие деңгейінің көрсеткіші :
2015-2016 оқу жылының тәрбие көрсеткіші 2016-2017 оқу жылының тәрбие көрсеткіші 2017-2018 оқу жылының тәрбие көрсеткіші
95,1% 96,3% 97,2
10. Жол-көлік оқиғаларынан бала жарақаттануының алдын алу және жолда жүру ережесін насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар.
№ 54 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес қыркүйек айы «Жол тәртібін сақтайық!» тақырыбында жолда жүру ережесі айлығы өтті. Барлық сынып бөлмелерінде «Абайлаңыз, балалар!» бұрыштама ілініп, 8-сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылды.
№ 54 орта мектебінде оқушыларды жолда жүру ережесін сақтап, үйрету мақсатында жылдық жоспар жасалынды. Жоспар бойынша барлық сынып кабинеттерінде бұрыштар қайта жасақталып, сынып тәрбие сағаты және сыныптан тыс іс-шаралар жүргізуі тиіс болатын. Жоспарға сәйкес төмендегі жұмыстар жасалынды:
1.«Менің мектепке барар жолым» сызбасын жасау 1-11 сынып жетекшілері өткізді.
2.«Бағдаршам» қабырға газетін шығару 5 сынып жетекшілері.
3.«Жол-көлік және тұрмыстық жарақаттын алдын алу» тақырыбында ІІД жол полициясы және ОСӨСҚМО қызметкерлерімен оқушылар арасында дөңгелек үстел 9 «А» сынып жетекшісі Қ. Сейтқұлова, 9 «Ә» сынып жетекшісі Б. Амризатова сынып жетекшілері өткізді.
4.«Жолда жүру ережесін» дәріс ретінде мектеп инспекторы Н. Мырқасын жүргізді.
5.«Жас жүргінші» ашық тәрбие сағаты 2 «Е» сынып жетекшісі Ж. Ауелбекова тәрбие сағатын өткізді.
6.«Жол тәртібін білейк, аман-есен жүрейк» ашық тәрбие сағаты 1 «А» сынып жетекшісі А.Асанова ашық тәрбие сағатын өткізді.
7.«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында 3 «А» сынып жетекшісі А. Жүнісова ашық тәрбие сағатын өтті.
8.«Жол және біз» ашық тәрбие сағаты 3 «В» сынып жетекшісі А. Әлімқұл ашық тәрбие сағатын өткізді.
9.«Жолаушылар мен жас жүргіншілер міндеті» атты 4 «А» сынып жетекшісі Шакирбаева С..ашық тәрбие сағатын өтті.
10.«Бағдаршам деген не?» атты 4 «Ә» сынып жетекшісі Н. Айыпова ашық тәрбие сағатын өтті.
11.«Жол қозғалысын реттейтін және бақылаушы орган» атты 4 «В» сынып жетекшісі Абашова Л. ашық тәрбие сағатын өтті.
12.«Жолда жүру ережесін білесің бе?» атта 2 «В» сынып жетекшісі Г. Сүгіралиева ашық тәрбие сағатын өтті.
13.«Жол қауіптің жоғары аймағы» тақырыбында 7 «Г» сынып жетекшісі А.Меирманов ашық тәрбие сағатын жүргізді.
14.«Бағдаршам және жол реттеушінің белгілері» тақырыбында 7«Б» сынып жетекшісі С. Нұрбаева ашық тәрбие сағатын өтті.
15.«Көшеде жүру ережесін сақтай біл, балақай!» тақырыбында 8 «В» сынып жетекшісі Г. Турбаева ашық тәрбие сағатын өткізді.
Қыркүйек айында жүргізілген жолда жүру ережесі айлығы өз дәрежесінде өтті.
24 желтоқсан күні 1-2 сыныптарда «Абайлаңыз, көктайғақ» тақырыбында сынып сағатын (қатысқаны -1431 оқушы), 25 желтоқсан күні 3- 4 сыныптарда «Ережені жаттаймыз,өмірімізді сақтаймыз» тақырыбында тәрбие сағаты (қатысқаны -249 оқушы) , 26 желтоқсан күні 5-8 сыныптар арасында «Қыс мезгіліндегі жолда жүрудің қауіпсіздік ережелері» тақырыбында оқушылар арасында сынып жетекшілері әңгімелесті (қатысқаны -328 оқушы), 27 желтоқсан күні 9-11 сыныптар арасында «Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе , ережелерді орындаңыз» тақырыбында дөңгелек үстел (қатысқаны -150 оқушы) , ата- аналар жиналысында балалардың жол көлік оқиғаларынан зардап шегуін және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмауға байланысты қазан айында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп, олардың алдын алудағы ата- аналардың атқаратын рөлі туралы айтылды (қатысқаны -221) . 23 қаңтар күні мектепішілік ата - аналар жиналысында «Ата-аналар балалардың қауіпсіз қозғалысына қалай ықпал етеді» (қатысқаны -250)деген тақырыпта баяндама оқылды және талданды. Каникул күндерінде балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында спорттық іс – шараларға 529 оқушы қамтылды .
11.Қосымша білім беру жұмысы.
1. 2017-2018 оқу жылында өнерлі оқушылардың талантын ашып, оны дамыта отырып дарынды және жан-жақты тұлға тәрбиелеу мақсатында мектепте үйірме жұмыстары жүргізілді.Үйірме жетекшілері арасында «Оқушылардың шығармашылығын дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар» дөңгелек үстел, «Ән – вокал» үйірме жетекшілері Д.Имашева мен Ж.Асетуллаевтың ұйымдастыруымен «Ән көңілдің ажары!» атты тақырыпта шығармашылық есеп беру кеші, «Шебер қолдар» үйірме жетекшілері «Біз іскерміз» тақырыбында қорытынды қол өнер көрмесін ұйымдастырды. «Тарих әлемін тану» үйірмесінің жетекшісі оқушылармен тарихи ескерткіштерге саяхат жасады. «Тоғызқұмалақ» үйірме жетекшілері бастауыш сынып оқушылары арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. «Сандар әлем» үйірмесінің жетекшілері 1 сыныптар арасында «Мен математикпін» байқауын ұйымдастырды.
Үйірме жұмысының сараптамасы (3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші):
2015-2016 оқу жылында контингент – 1335 мектепішілік үйірмеге 512 оқушы, мектептен тыс үйірмеге 320 оқушы , яғни 72,5 % , 2016-2017 оқу жылында контингент -1368 , мектепішілік үйірмеге 640 оқушы, мектептен тыс үйірмеге 410 оқушы , яғни 88,5 % қамтылған, 6 % артқан. 2017-2018 оқу жылында контингент - 1431 мектепішілік үйірмеге барлығы 853 оқушы, мектептен тыс үйірмелерге барлығы 443 оқушы барлығы 92,5% . Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 4% артқан.

Оқу жылыОқушылар контингентіМектепішілік үйірмелермен қамтылған оқушылар саныМектептен тыс үйірмелермен қамтылған оқушылар саныЖалпы қамтылуы
2015-2016133551272,5%32021 %832 93,5 %
2016-2017136864088,5 %41038,4 % 1050 79,4 %
2017-2018143185373%44337,2%1293 110,2%
3 жылдық мектепішілік және мектептен тыс үйірмелерге қатысатын оқушылар көрсеткіші
2017-2018 оқу жылында төмендегідей үйірме жұмыстары жүргізілді.Сиқырлы бояулар, Футбол, Шахмат, Сумоншақтар сыңғыры,Шебер қолдар, Шешендік өнер-шеберлік өрнегі, Тіл мәдениеті,Сиқырлы әлем,Тоғызқұмалақ, Вокол, Көркем жазу, Сиқырлы сандар үйірмелері жұмыс жасайды. Жалпы үйірмелерге жалпы саны 853 оқушы қамтылған.
№Үйірменің атауыОқушы саны
Танымдылық әрекет
1«Сиқырлы әлем»88
2«Көркем жазу»86
3«Сиқырлы сандар»82
4«Шешендік өнер-шеберлік өрнегі»78
5«Тіл мәдениет»52
Спорттық
1«Футбол»42
2«Шахмат»111
«Тоғызқұмалақ»46
Еңбек
1«Сиқырлы бояулар»58
2«Сумоншақтар сыңғыры»46
3«Шебер қолдар»52
Музыкалық-көркемділік
1«Би»54
2«Вокал»58
Барлығы13853
Әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен оқушыларды үйірмеге қатыстыруын қадағалау.
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың бос уақытында үйірмелерге қатысу мақсатында үйірмелерге қатыстырылды. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушылардың саны -120 оқушы. Оның ішінде:
63 – 3-4 бастауыш сынып оқушылары;
57 – 5-8 аралығындағы сынып оқушылары.
№54 орта мектебінде 13 үйірме бекітілген.Бастауыш сынып буында 6 үйірме, олар «Көркем жазу», «Сиқырлы сандар», «Тоғызқұмалақ», «Сиқырлы әлем», «Шахмат», «Футбол», жоғары сынып буында 7 үйірме, олар «Сумоншақтар сыңғыры»,«Шебер қолдар», «Би», «Сиқырлы бояулар», «Тіл мәдениеті», «Шешендік өнер-шеберлік өрнегі», «Вокал»
«Сиқырлы бояулар» үйірмесі – жетекшісі Қ. Әмірова , «Сиқырлы бояу» үйірмесіне 5-7 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – 1 оқушы үйірмеге қатыстырылды.
«Тоғызқұмалақ» үйірмесі - жетекшісі Б. Жортабаев, «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне 3-4 бастауыш сынып аралығында - әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен - 4 оқушы үйірмеге қатыстырылды.
«Шахмат» үйірмесі- жетекшісі П. Ертаев, «Шахмат» үйірмесіне 3-4 бастауыш сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – 9 оқушы үйірмеге қатыстырылды.
«Футбол» жетекшісі Т.Оразов, «Футбол» үйірмесіне 3-4 бастауыш сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – мүлдем оқушы үйірмеге қатыстырылмады.
«Би» үйірмесі –жетекшісі Ғ. Серікбаева , «Би» үйірмесіне 5-8 жоғары сынып сынып аралығында –әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – 12 оқушылар үйірмеге қатыстырылды.
«Сумоншақтар сыңғыры» үйірмесі - жетекшісі Р. Абдусаметова, «Сумоншақтар сыңғыры» үйірмесіне 5-8 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – 4 оқушы үйірмеге қатыстырылды. «Шебер қолдар» үйірмесі – жетекшісі Ф. Пірматова , «Шебер қолдар» үйірмесіне 5-8 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен - 4 оқушы үйірмеге қатыстырылды. «Тіл мәдениеті» үйірмесі – жетекшісі Е.Жантлесов, «Тіл мәдениеті» үйірмесіне 8 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – 1 оқушы үйірмеге қатыстырылды. «Шешендік өнер-шеберлік өрнегі» үйірмесі – жетекшісіБ. Әкімбаев , «Шешендік өнер-шеберлік өрнегі» үйірмесіне 9 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен–мүлдем оқушы үйірмеге қатыстырылмады. «Вокал» үйірмесі – жетекшісі Д.Имашева, «Вокал» үйірмесіне 5-8 жоғары сынып аралығында – әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен – мүлдем оқушы үйірмеге қатыстырылмады.
12.Мектеп оқушыларының жетістіктері
Оқушылардың байқауларда иеленген жүлделі орындары
Оқу жылыХалықаралықРеспубликалықОблыстықҚалалықБар
лығы
БжІІІІІІБжІІІІІІБжІІІІІІБжІІІІІІ
2015-2016-----1221464255638
2016-2017-----1332775276647
2017-2018-----1465254869858
13.Ата-аналармен бірлескен жұмыс
№Атқарылған жұмыс атауыӨтілу формасы
(семинар, дөңгелек үстел, коучинг және басқалар)Қамтылғандар саныМерзіміФотосуреттер
1Оқушылардың тәртібі, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, психологиялық ерекшелігі, қызығушылығы, мінез-құлқы, достарымен қарым-қатынасы т.б. туралы ата-аналармен пікірлесу, кеңес беру, жеке әңгімелесу өткізу298Жыл бойы-
2Оқушылардың тұрмыс жағдайларымен танысу, мінез құлқын зерттеузерттеу-Қыркүйек-
3Ата-аналардың әлеуметтік жағдайын анықтау, тізімін жасауТізімін жасау-Қыркүйек-
4«Менің бақытым»Семинар-тренинг68Қазан
59-сынып оқушыларының бағдарлы оқытуға көшудегі дайындығымен таныстыру сауалнама алу320Қазан
6Діни экстремизмнің алдын алуда ата-аналардың діни сауаттылығын арттыруСеминар-тренинг62Қазан
7Оқу жылындағы І жарты жылдық қорытындысыАта-аналар жиналысы342Қаңтар
8ҰБТ-ға оқушылардың дайындық деңгейіАта-аналар жиналысы120Қаңтар
9Ата-аналарды ҰБТ-2017 ережесімен таныстыруАта-аналар жиналысы189Наурыз
10Оқушылардың мамандық таңдауына ата-ананың ықпал әсеріАта-аналардан сауалнама алу349Наурыз
11Ата-аналарды ОЖСБ-2017 қорытындысымен таныстыруАта-аналар жиналысы212Сәуір
12Ата-аналарды ҰБТ-2017 байқау тестінің қорытындысымен таныстыруАта-аналар жиналысы328Мамыр
13Оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарыАта-аналар жиналысы421Мамыр
142017-2018 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысыАта-аналар жиналысы589Мамыр
15Барлығы163298
14.Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы.
Мектепте оқушының тұлға болып қалыптасуына қызмет жасайтын сынып жетекшісінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыс сараптамасы. Мектепте сынып жетекшісі бірлестігі жұмысы бастауыш буын мен орта және жоғары буын жіктеріне қарай үш бірлестік жетекшісінің қызметімен жүзеге асырылды. 1-4 сыныптар «Балдырған» тобы бірлестіктерінің жетекшісі Д.Ахаева, 5-7 сыныптар «Ұлан» тобы бірлестіктерінің жетекшісі А.Болжырова, 8-11 сыныптар «Мұрагер» тобы бірлестіктерінің жетекшісі А.Карбаева. 2017-2018 оқу жылының басында бірлестіктің жылдық жұмыс жүргізу жоспары жасалып, бекітілді.Осы жоспар негізінде сынып жетекшісінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізді. Оқу жылында 4 рет сынып жетекшілер отырысы өтті. Бірінші отырыста «Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын талаптар» , екінші отырыста 2017-2018 оқу жылында ҚР-ның білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, «Критериалды бағалауды енгізу» жолдарымен ата-аналарды таныстыру , үшінші отырыста «Тәрбие сағаттарында заманауи технологияларды пайдалану» , «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын бала тәрбиесінде іс-жүзіне асыру жолдары,төртінші отырыста «Криетериалды бағалауды енгізу» тәрбие жұмысында пайдалану, ата – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырудағы жаңа технологиялар, «Жаз - 2018» бағдарламасы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары, сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыстарын талдауы, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер.
Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің жұмысы педагогикалық ғылымының озық тәжірибесінің жетістіктеріне мектептің оқу-тәрбие үрдісі ,талдау нәтижелеріне негізделген.Сынып жетекшілерінің әдістемелік бастауыш буын «Балдырған», 28сынып жетекші, орта буын «Ұлан», 19 сынып жетекші, жоғары буын «Мұрагер»7 сынып жетекші бірлестікте жұмыс істейді. «Ғибрат» тәрбие орталығы:
-ҚР Конституциясы;
-Тіл туралы Заң;
-Неке және жанұя туралы Заң;
-Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Заң;
-Рәміздер туралы Заң;
-Білім туралы Заң;
-Бала құқығы туралы Заң;
-Бала құқығын қорғау туралы Конвенциясы;
-ҚР президентінің Жолдауы
-Бала құқығын қорғау Декларациясы.
Осы аталған нормативтік құжаттарға сүйене отырып жұмыс жүргізді.
Тақырыбы: «Тәрбиелеудің жаңа үрдістерін меңгерген сынып жетекшілердің біліктілігін арттыру»
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіптік шеберлігін нығайту.
Міндеттері:
- тәрбие жұмысының тиімді жолдары туралы тәжірибе алмасу;
- оқушы мен мұғалім арасында бірлестікті арттыру;
- тәрбие үрдісіне интерактивті әдістерді енгізе отырып, мұғалімдердің шығармашылық қабілетін арттыру;
- білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге оқушыны дағдыландыру;
- сынып жетекшілерінің жұмыс бағыттары:
- оқушының жеке дамуын бақылау, оның қабілеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау:
- оқушылардың ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру;
- оқушыларды қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін ұйымдастыру;
- оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарының сақталуына мүмкіндік жасау;
- әр оқушыны әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін сынып ұжымын тәрбиелік орта ретінде қалыптастыру;
- сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
- оқушыларды және олардың тұрмыс жағдайларын анықтау;
- тәрбие жұмысының нәтижелілігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу;
Әдістемелік жұмыстың негізгі формалары:
• Әдістемелік кеңес;
• Семинарлар;
• Әдістемелік бірлестік отырысы;
• "Дөңгелек үстел";
• Ашық тәрбие сабақтар;
Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары
- Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;
- Дөңгелек столдар, семинар-конференциялар дайындау;
- Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;
- Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;
- Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;
- Өзара тәжірибе алмасу;
- Тәрбие сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;
Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары;
- Сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,
- Сынып жетекшілер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;
- Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;
- Жас сынып жетекшілерге тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;
- семинарлар ұйымдастырып, өткізу
Жас сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін ашу, кәсіби деңгейін көтеру. Осы мақсатпен төмендегі кестеде сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мектепішілік семинарлар өткізілді:
№Атқарылған жұмыс атауыӨтілу формасы
(семинар, дөңгелек үстел, коучинг және басқалар)Қамтылғандар саныМерзімі
1 «Қарым-қатынас стилі»Тренинг
22Мамыр
2 «Қазіргі заманғы тәрбиелеу жүйелері»Коучинг
18Маусым
3 «Ата-анамен жұмысты қалай ұйымдастыру керек?»Дөңгелек үстел
26Тамыз
4 «Жаңашыл мұғалім болу –жаңа заман талабы»Семинар24Қыркүйек
5 «Адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеудегі сынып жетекшінің рөлі» Семинар33Қазан
6 «Тәрбие үрдісіндегі тиімді формалар мен әдістер»Дөңгелек үстел
21Қараша
Барлығы144
Ата -аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
-ата-аналар комитеті;
-ата-аналар комитетінің отырысы;
-ата-анасымен телефон, күнделік арқылы байланыс;
- «ашық сабақ» күнін өткізу;
- ата-аналар жиналысы;
- оқушының жанұясына барып тұру;
- ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, сауалнамалар, тренингтер жүргізу;
- үйірмелер жұмысы.
Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстар қызметі:
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 31-қаңтар күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдаған болатын. Жолдауда еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты толғамды ойлар мен нақты міндеттер көрсетілген. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында 2019 жылдан бастап 10-11 сынып оқушылары кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқи бастайтынын атап өте келе, қазақ тілі өз басымдығын сақтап қалатынын қадап айтты.. Елбасының айтуынша, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. «Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет», - деді Президент.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы - ата-анасы.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.
Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен, мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.
1-кезең: Ата-аналарға оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесінен мағлұмат береді. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен бекітеді. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарымен, кезекті мәселелермен таныстыра келіп бірігіп талқылайды.
2-кезең:Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру, келесі әрекеттер арқылы іске асырылады.
- тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
- қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
- сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымына жүйелі зерттеулер жүргізу;
- психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер беру.
Ата-аналар сауалнамаларына тоқталу. Ата-аналардан оқу жылының басында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады:
1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?
Әр жиналыстан немесе жыл аяғында ата-аналардан әр түрлі сауалнамаларды алып, қорытып, әрі келер жылғы ата-аналар жиналысын жоспарлауға болады.
Кері байланыс парағы арқылы әр жиналыс сайын таратылып отырады. Бұл жұмыстан жиналыстың бағасы анықталып, ұсыныстар ескеріледі.
Заң:
Ата-аналарға құқықтық білім беру негізінде өткізілген жиналыста ата-аналар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай үлгідегі тапсырмалар беріледі:
а) Қазақстан Республикасының құқығы негізінде балалардың құқығы қалай қорғалған?
ә) Өз балаңыздың құқығы бұзылған кезі болды ма? Сіздің әрекетіңіз, т. б
б) Ата-ананың бала алдында міндеті қандай? Сіз қалай орындап жүрсіз?
Осы тапсырмалар төңірегінде ата-аналар ой бөліседі, пікір алмасады. Пікірталас соңында ата-аналардың және сынып жетекшісінің қорытынды сөзі айтылады.
- принциптер;
- ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру,
Оқырмандар конференциясын ұйымдастыру.
Формалары:
- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);
- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру);
- әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
- отбасылық ойын байқаулары;
- оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);
- жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу;
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбастары негізінен назарға алынады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатыны ескеріледі.
Мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.
Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Алғыс
2. Топтың жиналыс әңгімесі
3. Жанұямен жеке дара жұмыс
4. Оқушының мінездемесі
5. Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру
6. Педагогикалық талап
7. Қиын жанұялармен жұмыс
8. Педагогикалық консультация, жеке әңгіме.
Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие(желтоқсан айы)
2. Рухани-адамгершілік тәрбие ( қазан айы)
3. Ұлттық тәрбие (наурыз айы )
4. Отбасы тәрбиесі (қыркүйек айы)
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие (қаңтар айы)
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие ( қараша айы) 7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі (сәуір айы)
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты (ақпан айы)
Тәрбие бағыттарындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілді. Әр айлық соңында оқушылардың бағыты бойынша тәрбие деңгейі тексерілді, қорытынды мониторингі шығарылып отырды. Барлық жұмыстар сараланып, қорытындыланып отырды. Сондай-ақ оқушыны жан-жақты дамыту мақсатында түрлі сыныптан тыс іс-шаралар жүргізілді.
2017-2018 оқу жылындағы сынып жетекшілері жүргізген жұмыстарының қорытынды сараптамасы және жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер туралы айтылды. Оқу жылының соңында сынып жетекшілерінің сыныппен оқу жылында жүргізген жұмыстары портфолиосы жинақталды.
2017 – 2018 оқу жылындағы сынып жетекшілердің сапалық құрамы:
Жоғарғы санатты – 6 сынып жетекші –18%
Бірінші санатты – 24 сынып жетекші – 29 %
Екінші санатты – 24 сынып жетекші – 29 %
Санаты жоқ – 4 сынып жетекші-12%
Жас мамандар саны - сынып жетекші – 5
Сынып жетекшілердің сапалық құрамы:
2017 - 2018 оқу жылында жоғарғы санатты сынып жетекші 6, яғни сынып жетекшілердің 18%, бірінші санатты сынып жетекшілер 24, яғни сынып жетекшілердің 29 %, екінші санатты сынып жетекшілер 24, яғни сынып жетекшілердің 29 %, санаты жоқ сынып жетекшілер 4, яғни сынып жетекшілердің 12 %, құрайды.2016-2017 оқу жылында жоғарға санатты сынып жетекші 16 % құраса, 2017-2018 оқу жылында жоғарғы санатты сынып жетекші 18%, 2016-2017 оқу жылында бірінші санатты сынып жетекші 32 %, 2017-2018 оқу жылында 29 %, 2016-2017 оқу жылында екінші санатты сынып жетекші 20,9 %, 2017-2018 оқу жылында екінші санатты сынып жетекші 29 %, 2016-2017 оқу жылында санаты жоқ сынып жетекшілер 18%, 2017-2018 оқу жылында санаты жоқ сынып жетекшілер 12%, 2016-2017 оқу жылында жас маман сынып жетекшілер 10,5%.
2016-2017 оқу жылымен- 2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда:
Жоғарғы санатты сынып жетекшілер – 0,8 % артқан
Бірінші санатты сынып жетекшілер – 6 % артқан
Екінші санатты сынып жетекшілер – 8 % артқан
Санаты жоқ сынып жетекшілер – 0,8 % артқан
Жас маман сынып жетекші – 10, 8 % кеміген
15.Жас сынып жетекшілермен жұмыс,көрсетілген әдістемелік көмектер.
2017 -2018 оқу жылында жас сынып жетекшілермен атқарылатын іс – шараралар жоспары жасалып, бекітіліп іс – жүзіне асырылды. Жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер бекітіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Оқушының іс-қағаздары , сынып журналын толтыру туралы нұсқаулық беріп жас сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсетілді. «Сынып жетекшісінің құжаттамасы» тақырыбында кеңес берілді.Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу формалары (нұсқау беру) семинар өтті.Сонымен қатар жас сынып жетекшілерге тәлімгерлер бекітілді.
№Жас сынып жетекшілердің
аты-жөніСыныбыТәлімгеріСыныбы
1Сәрсенбек Эльмира 1 «Ә»Дабылова Г.2 «Б»
2Акимжанова Қымбат1 «Б»Әуелбекова Ж.1 «Е»
3Мелдебекова Ұлболсын1 «В»Ниетбаева М.4 «А»
4Бисимбаева Алтынай 1 «Д»Садуова М.4 «Ә»
5Әлімқұл Айгерім2 «В»Жүнісова А.2 «А»
6Асанова Айдана2 «Д»Рысдаулетова Қ.3 «Г»
7Қалдыбаева Айгерім3 «Б»Оразбаева З11 «Ә »
8Сартаева Бақыт3 «Д»Қожатаева Г.6 «Б»
9Шәкірбаева Самал4 «Б»Алдатаева Ұ.2 «А»
10Бекмурзина Алия6 «А»Сейтқұлова Қ.9«А»
11Асанқұлова Асылжан6 «Ә»Әлжаппар Д5 «Г»
12Иманқожа Еркін5 «Б»Амризатова Б.9«Ә»
13Бөлегенова Меруерт5 «В»Битанова Э.6«Д»
16.«Адал ұрпақ» клубының жұмыстары.
№«Адал ұрпақ» клубының мүшелерінің саныАтқарылған жұмыс атауыӨтілу формасыҚамтылғандар саны
110«Адал ұрпақ» клубы секциясы, қызметін ұйымдастыру, жұмыс жоспарын бекіту.
-Сыныптардан үміткерлерді сайлау
-Ақпараттық стенджиналыс50
2«Парасатты адамзат» ақпараттық бұрыш жасау25
3 «Адал болу адамға не үшін қажет?»Сынып сағаты:
30
4«Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қауіпті көрініс»жағдаяттың шешімін табудөңгелек үстел28
5«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» дөңгелек үстел24
6«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас34
7«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстел20
8«Адал және сатылмайтын еңбек белгісі» оқушылар арасында суреттер байқауыБайқау20
9
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» флеш моб28
10«Жемқорлық – құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауыБайқау50
11Театрлық қойылым (көрініс)
-Ұят пен адалдық туралы ертегіден көрінісбайқау 50
12-Мейірімділік пен қайырымдылық туралы ертегіден көрінісбайқау 20
13«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» эссе байқауыбайқау50
14Барлығы429
17.«Жас Ұлан» ұйымының жұмысы.
«Жас Ұлан» «Жас Қыран» 2017– 2018 оқу жылындағы атқарған жұмыстары туралы жылдық есебі.
2017 жылдың 2 қыркүйек сағат:9.00де мектеп алаңында «Мен-өз Елімнің патриотымын» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.Салтанатты кеш барысында:қазақтың ұлттық биіәмен ашылып,фан-фар ойналып болған соң,ортаға АӘД пәніні мұғалімі Н.Тілеу оқушыларды сапқа түзеп,жиынның басталғаны туралы мектеп директорына рапорт берді.Жиын соңында түрлі тақпақтар оқылып, «Жас Ұлан»мүшелерінің әндерімен ұласын тапты.
2017 жылдық 8 қыркүйек күні «Ғибрат»тәрбие орталығында «Жас Ұлан»ұйым мүшелерінің топ басшылары және белсенді оқушылармен кездесу отырысы болды.Бұл жиынға 5-9 сынып оқушылары қатысып,бекітілген жылдық жоспармен таныстырылды және әр топ басшы өзін таныстырып өтіп,өз тобына есеп берді. «Жас Ұлан»ұйым белсенділері алда болатын қыркүйек-қазан айларында өтілетін іс-шараларға өз ойларын айтып ортаға салды.
2017 жылдың 29 қыркүйек күні ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз аты-ұлы есім»атты мерекелік концерт өткізілді.Іс-шара мақсаты: оқушыларды,ұстаздарды, олардың тәрбие мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеумен сыйлауға тәрбиелеу.Білім мен білік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.Мерекелік концертте мектебіміздің үздік оқушыларынан құралған «Жас қыран» ұйым мүшелерінің «Despasito» заманауи биі шырқалып, 4 «Г» сынып оқушысы «Жас қыран» ұйымының мүшесі Айтбай Айым «Ардақты ұстазым» әнін орындады.Іс-шарада ұстаздарға арналған 1-4 сынып оқушыларының түрлі өлең шумақтары оқылып,қазақ күйімен жалғасын тапты.
2017 жылдың16 қыркүйек күні мектеп акт залында сағат:10.00-де «Алло,біз таланттарды іздейміз» атты байқау өткізілді.Байқауға 5-10 аралығындағы сынып оқушылары қатыстырылып және өзіндік шарттары бойынша қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.Бұл байқауға аталған сынып оқушыларының ішінде «Жас ұлан» ұйымының мүшелері де болды.Олар:Д.Қалдықұлов;Ұ.Әзімбекова өзінің тобымен «Джаз» биін, Ә.Мұханәлі «Туған жер тағдыры» әнін, Ә.Бағданқызы «Қайда» әнін, Н.Еркінұлы «Ана» өлеңін, Ж.Ержанқызы «Ізін көрем»атты әндерін орындады, Б.Ғалым; А.Әзімбекова байқау жүргізушілері болып өз үлестерін қосты.Байқау соңында әділқазылардың шешімі бойынша қатысушылардың ішінен ең үздік өнер көрсеткен қатысушылардипломдармен марапатталды.
2017 жылдың 22 қыркүйек күні «Тілегім-тірегім,соғып тұрған жүрегім!» атты тілдер күніне орай мерекелік кеш өткізілді.Іс-шара мақсаты: мектеп оқушыларын ана тілін қастерлеуге баулып,өзге тілдерге деген қызығушылығын арттыру. Салтанатты кешті 7 «А» сынып оқушысы «Жас Ұлан» ұйым мүшесі Кендірбаева Жібектің «Ассаламалейкум» әні мен ашты.Әр түрлі тілде оқушылардың өлең шумақты оқылды. Соның ішінде 7»Д», 8 «Ә» сынып оқушылары «Жас Ұлан» үйым мүшелері Салимова Нұршахризада,Дәуренбекова Ақерке өлең шумақтарын оқыды.Іс-шарада орыс халық әні «Люли», орыс халық биі «Русский самавар», «І hava a dream» әні орындалды.Кеш соңында Кендірбаева Жібектің «Туған жер» әнімен аяталды.
2017 жылдың 23 қыркүйек күні мектепшілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес №54 орта мектебінің 5 «А», «Ә», «Б» сынп оқушылары және ұйым мүшелері де, қаламыздың орталық мұражайына саяхат жасады.Мақсаты:Оқушылары тарихы оқиғалар жайлы мағұлмат беру: оқушылардың ой өрістерін,танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; Оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.Саяхатқа ьарған оқушылар саны-40.Мұражай қызметкерлері оқушыларды жылы щұрай танытып,қарсы алды.
2017 жылдың 02 қазан айында 1қазан қарттар күніне орай №2 қарттар үйніде балалар шығармашылық орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық қалалық акциясы өтті. Бұл шара « Тараз қаласы » «жас ұлан » балалар мен жас өспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестінің ұландары , қала мекткеп оқушылары ат салысты. Бұл мерекелік шарада мектебіміздің белсенді оқушысы, «Жас ұлан» ұйымның мүшесі Ғалым Бекзат іс-шара жүргізушісі болып өз үлесін қосты. Қарияларымызға арналған көптеген әндер шырқалып, би мен өлең оқылды. Шақыртылғыан «қазақстан Тараз» телеарнасына Ғалым Бекзат қарияларға жүрек жарды лебізін білдіре отырып сұхбат берді. Іс-шара соңында карияларымызға өз ризашылықтарын білдіріп сөз сөйледі. Іс-шара жоғары дәрежеде өткізілді.
2017 жылдың 04 қазан айында № 1 қарттар үйінде өткен «көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты қайырымдылық концертте «Жас қыран» «Жас ұлан» мүшелерінен 25 оқушы барып өз өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру , үлкенді сыилау, жақсы мен жаманды ажырата білуге, қарт кісілерді құрметтеу, көңілдерін көтеру. Іс-шара «Аяулы ана» ашылып, мектебіміздің үздік оқушыларынан құралған «Жас Қыран» ұйымының мүшелері «Рок-н-ролл» және «Dеspacito» заманауи билері биленіп, қарияларымызға арналған көптеген әндер шырқалып, өлең шумақтары оқылды.жас ұландықтар сахна төріне шығып қариялар алдында бас иіп құрмет білдірді. Қарттар үйіндегі қарт аталар мен әжелерге құттықтау тілектері жазылған ашық хаттар тарату етілді.
Біздің осындай үлкенге деген құрметтерімізге разы болған қарт аталар жастарға және ұйымдастырушыларға жақсы тілектерін білдіріп, батасын беріп шығарып салды. 2017 жылдың 20 қазан күні «Сағындырған әндер -ай» атты отбасылық әндербайқауы өтті. Мектебіміздің 5-9 сыныптар арасында ата- аналар мен оқушылардың қатысуымен өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп өмірімен отбасы байланысын нығайту, ата- ананың бала тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру. Ұлттық салт- дәстүріміз бен әдет –ғұрыпымызды, адамгершілікпен имандылықтыбойларына сіңіріп, ұлтжандыққа баулап, өзінің тегін таныту. Бұл байқауда « Жас ұлан » ұйымының мүшелерінен 1 оқушы өз ата-анасымен өнерлерін көрсетті. 5 «в» сынып оқушысы Бағданқызы Әйкерім мен анасы- Оралбаева Айгүл « Әке ана» әнін орындап 3 орынды иеленді.
2017 жылдың 8 қараша күні М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекттік Университеті,Марс Үркімбаев атындағы жастар сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының аясында «Кемелді келешекке –Кемеңгер Елбасымен» атты «Жасұландықтардың» облыстық форумы өтті.Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатын насихаттау, «Жас Ұлан» білімді , ой мен санасы жоғары, отанын сүйе білуге және осы форумда 600-ге жуық жасұландықтардың басын қосу болды.Белсенді оқушылар ұран сөздерін айтып, әуеге шарлар ұшырды.Солардың ішінде мектеп Ұланбасы- Беген Айдана;Белсенді ұйым мүшесі- Дәуренбекова Ақерке де болды.Жиында облыстың әр ауданынан келген бірқатар ұланбасылар марапатталды.Ал шаһардағы үздік, белсенді оқушылар ұйымға мүшелікке өтіп, «Жас ұландықтардың» қатарын толықтырды.Осы форумда мектеп Ұланбасы- Беген Айданаға «Алғыс хат» берілді.Форумға 13 оқушы барды.
2017 жылдың 10 қараша күні 6-7 сыныптар арасында «Күн ханзадасы мен ханшайымы»атты сайыс өтті.Сайыс төрт бөлімнен құрылды:«Таныстыру»,«Өнер сайысы»;«Сән үлгісі»;«Күзгі сый».Сайысқа 13 жұп қатысты, төрт бөлім бойынша өз өнерлерін ортаға салды.Бұл сайыста «Жас Қыран» ұйым мүшелерінің «Қайда» және «Despasito»әндеріне қойылған заманауи билері биленді.Бұл шарада мектебіміздің белсенді оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Тамабек Айғаным мен Балпанқұл Меирлан іс-шара жүргізушісі болып өз үлесін қосты.
2017 жылдың20 қараша күні мектеп мәжіліс залында «Ән- көңілдің ажары» атты ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас мәдениетін дамыту, бала бойына сенімділік ұялата отырып, дарындылық қабілетін ашу.Байқауға «Жас Қыран» ұйымының мүшелері:Айтбай Айым «Ақ көгершін» әнімен ІІІ – орынды; Кертай Ұлдана «Сағындым әже» әнімен ІІ- орынды иеленді.
2017 жылдың 30 қараша күні сағат 13.00-де мектеп акт залында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы атты» салтанатты мерекелік кеш өтті.Кеш мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту.Кеш өз дәрежесінде өтті.
2017 жылдың 9 желтоқсан күні мектеп мәжіліс залында «Отаным менің-Қазақстан» атты ән байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастыққа құрылған қарым-қатынас мәдениетін дамыту, бала бойына сенімділік ұялата отырып,дарындылық қабілетін ашу.Ән байқауына қатысып өз өнерлерімен бөліскендер: 5 «Б» сынып оқушысы, «Жас ұлан»ұйым мүшесі Бағданқызы Айгерім «Туған жер» әнін орындады.9 «А» сынып оқушысы, «Жас ұлан» ұйым мүшесі Мұханәлі Анел «Ән сал, сарбаз»әнін орындады.Байқау соңында әділқазылар шешімімен жүлделі орындар берілді.
2017 жылдың 13 желтоқсан күні №49 мектеп-гимназиясында өткен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім-тірегім,самғауыңды тіледім»атты оқушылар форумы өтті. Мектебіміздің Ұланбасы- Беген Айдана Бекжанқызы қала Ұлбасы ретінде болашақ Жасұландықтарға үндеу тастады.Сөз соңында Алға, Жас Ұлан!Жаса,Жас Қыран! Жасай бер, Қазақстан- деген ұранмен аяқтады.
2017 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 13.00 мектеп акт залында 16 Желтоқсан Тәуелсізік күніне орай «Жас Ұлан»«Жас Қыран»Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізілді.Ұйым қатарына 20 оқушы қабылданды.Галстукпен Төсбелгіні мектеп директоры Р.Д.Тоғысова және мектеп директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары:Қойбағаров Мейіржан Төкенұлы,Мұратов Нұржан Аяпбергенұлы, тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Мейрманов Айдын Оңалбекұлы, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Жантлесов Еркебұлан Бекетұлы, ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қалдыбаев Үсен Нұрмаханұлы тақты.«Жас Ұлан» ұйым мүшесі 9 «А» сынып оқушысы Мұханәлі Әнел«Қазақ елі осындай» әнін орындап, 4 сыныбының үздік оқушыларынан құралған «Жас Қыран» ұйым мүшелерінің билері биленді.
2017 жылдың 21-23 желтоқсан күндері аралығында облыс әкімі К.С.Көкірекбаевтің қатысуымен Ж.Баласағұн атындағы мәдениет орталығында жасыл шырша жанындағы жаңа жылдық мерекелік шара өтті.Бұл шараға «Жамбыл облысы Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұландары, қала мектеп оқушылары атсалысты.Бұл мерекелік шарада мектеп Ұланбасы Беген Айдана 10 «А», «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Дәуренбекова Ақерке 8 «Ә» сынып оқушысы болды.Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, түрлі шоулар көрсетілді.Беген Айдана және Дәуренбекова Ақерке өз үлесін қоса білді.
2017 жылдың 27-28 желтоқсан күндері аралығында мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 0-11 сыныптар арасында жаңа жылдық салтанатты шара өткізілді.2018 келер «Ит жылын» 4 сыныптардан құралған «Жас Қыран» ұйымы билеп шықты.«Жас Ұлан» ұйым мүшелері түрлі аңдардың кейпінде оқушыларды билетіп, ойнату арқылы өз үлестерін қосты.
2018 жылдық 13 қаңтар күні «Ғибрат» тәрбие орталығында «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы және хатшысының қатысуымен «Жас Қыран» ұйым мүшелерімен кездесу отырысы болды.Бұл жиынға 4 сынып оқушылары қатыстырылды.Бекітілген ІІ жарты жылдық жоспарымен таныстырылды және сырттан келген байқау ережесі талқыланды.«Жас Ұлан» ұйым белсенділері алда болатын қаңтар-ақпан айларында өткізілетін іс-шараларға өз ойларын айтып ортаға салды.Қатысқандар саны:25 оқушы.
2018 жылдың 19 қаңтар айында «Жігіт сұлтаны-2018» байқауы өтті.Байқау басында қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген оқушыларға АЛҒЫС ХАТТАР табыс етілді.«Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері Ғалым Бекзат және ұйым хатшысы Нұрланова Динараға табыс етілді.Байқау ІV кезеңнен құрылды:таныстыру;өз өнері;сұрақ-жауап; спорттық өнері.Байқауға 8-9 сынып оқушыларынан 7 үміткер сері жігіттеріміз өз бақтарын сынады.
2018жылдың 9 ақпан күні Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық «Жас Ұлан»-Қазақстан жас қанаты» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.Байқау мақсаты:жасөспірімдердің патриоттық және эстетикалық тәрбиесін арттыру болды.Бейнероликті жасау үшін «Жас Ұлан»ұйымының мүшелері:Ж.Карибаева,М.Рустамова,М.Жиембет,Б.Жабық,Л.Өксікбай,Б.Ғалым,Р.Ғани өз ойлары мен идеяларын ортаға салып,өз үлестерін қосты.
2018 жылдың 16 ақпан күні мектеп фойесінде патриоттық флешмобы биленді.Мақсаты:оқушылардың бойына,кемел келешегіне,бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет,сананың түзу жолмен қалыптасуы мен білімділік,жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екенін ұғындыру.Мектеп Ұланбасы Беген Айдана Бекжанқызы «Жастары жалын жүректі,өршіл намысты,биік рухты болса,ол елдің еңсесі биік болады» деп Елбасымыздың болашақ жастарға айтқан сөзімен ашып,флешмобты қандай мақсатта ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті.Қатысқандар саны:15 «Жас Ұлан» мүшелері,15 «Адал Ұрпақ» мүшелері.Жалпы саны 30.
2018 жылдың 16 ақпан күні сағат:14.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері,еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы,бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазыТаңатаров Ақжүрек Достықұлымен кездесу болып өтті.Мектеп Ұланбасы Беген Айдана Бекжанқызы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаз атануымен №54 орта мектеп атынанжәне «Жас Ұлан»атынан құттықтауын білдірді.Сый құрмет ретінде «Жас Ұлан» ұйымы, «Адал Ұрпақ» ұйымы атынан патриоттық биін ұсынып,екі жолақты қатарға тік тұрып,қонағымызды қол шапалақтап қарсыалды.
2018 жылдың 23 ақпан күні ауған соғысына 29жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер»атты мектепшілік кездесу кеші ұйымдастырылды.Кездесу мақсаты:өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету.Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.»Жас Ұлан»мүшелері бұл кешке атсалысып,ардагерлерге арнау өлең шумақтарын мәнерлеп,нақышына келтіре оқыды.Олар:Өксікбай Лаура,Жабық Балнұр,Салимова Нұршахризада.
2018 жылдың 1 наурыз күні мектеп фойесінде «Жас Ұлан»ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен «Ізгі тілекпен» атты тілек айту күнін өткізді.Мектеп ұстаздары мен мектеп қызметкерлерін 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, «Ізгі тілекпен»атты құттықтау парақшаларын таратты.Ұстаздар жалпы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіру мақсатында ұйымдастырылыды.Қатысқандар саны:18 «Жас Қыран» 15 «Жас Ұлан» ұйым мүшелері ат салысты.
2018 жылдың 2 наурыз күні №54 орта мектепте,яғни бізің мектебімізде қалалық балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуалды ойыны ұйымдастырылды.Мектебіміздің Жасұландықтары қала мектептерінен келген жайдарманшыларды тіркеуден өткізіп,кезекшілікте тұрып бағыт-бағдар көрсетілді.Ойынға мектебімізден «Жас Ұлан»ұйымының мүшелерінен құралған «MERSI» құрамасы қатыстырылып финалға жолдама алды.
2017 жылдың 7 наурыз күні сағат 13:00 де мектеп акт.залында «Ана-деп жыр төккен,Армысың,ару,нұр көктем»атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. «Жас Қыран» ұйым мүшелерінен құралған «Балдәурен» триосының «Әсем әуен» әні орындалды. «Жас Ұлан» ұйым мүшелерінен құралған «Балдәурен» триосының «Әсем әуен» әні орындалды» «Жас Ұлан» мектеп лигасы ойынына қатысып,финалға жолдама алған «MERSI» құрамасы өз әзілдерімен кешті жандандыра түсті.Концерт соңында ағайынды қыздарымыз, «Жас Ұлан» мүшесі Қалдыбек Әмина мен Қалдыбек Камилланың «Мереке» әнін орындады.
2018 жылдың 15 наурыз күні қалалық балалар шығармашылық орталығында Жас Отан және Жас Ұлан» ұйымымен бірлескен «Болашаққа нық қадам» атты дөңгелек үстел өтті.Мақсаты:жастарды ауызбіршілікке шақырып,қазақ халқының ұлттық мүддесі мен өркендеуі жолында еңбек етуге үндеу.Дөңгелек үстелге мектебіміздің Ұланбасы Беген Айдана және «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері Дәуренбекова Ақерке,Манабаева Айгерім қатысып,өз ойларымен бөлісе білді.Дөңгелек үстелде түрлі мәселелер айтылып,талқыланды.
2018 жылдың 22 наурыз күні мектеп алаңында «Күніміз ұлысты,жеріміз ырысты,әз Наурыз құтты болсын» атты мерекелік іс-шара өтті.Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, «Армысың,Наурыз»қойылымы мен ашылды.Наурыз мерекесіне орай түрл билер биленіп,әндер орындалды. «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйым мүшелері бұл мерекеде өз өнерлерін көрсетті.Атап айтатын болсақ : Кендірбаева Жібек «Домбыра туралы баллада» әнін орындады.Мұханәлі Анел «Қазақ елі» әнін және «Жас Қыран»ұйым мүшелері осы әнге биледі.Кертай Ұлдана «Мереке» әнін және «Жас Қыран»ұйым мүшелері осы әнге биледі.Іс-шара соңында Айтбай Айым «Көкке өрле» әнімен аяқтады.
2018 жылдың 5 сәуір күні балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Біз жаңашылдықты қолдаймыз»атты тренинг өтті.Мақсаты:Болашақ жастардың ой өрісін дамыту,кеңейту,алдыға ұмтылуға мүмкіндік беру.Қала мектептерінен бір-бір көшбасшылар қатысты.Біздің мектептен 8 «Ә» сыныбының оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Дәуренбекова Ақерке қатысты.
2018 жылдың 6 сәуір күні мектеп спорт залында 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты эстафеталық жарыс өтті.Бұл жарысқа 5 сынып оқушылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатыстырылды.Мақсаты:Балалардың қимыл қозғалысы арқылы денсаулығына,дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару,шапшаңдық дағдыларын жетілдіру,ойын арқылы балалрдың дене қозғалысын қалыптастыру.Қатысқан топтар:5 «А» сыныбы «Жас Қыран» тобы, 5 «Ә» сыныбы «Болашақ»тобы,5 «Б» сыныбы «Бірлік» тобы, 5 «В» сыныбы «Сұңқар»тобы, 5 «Г» сыныбы «Жас Ұлан»тобы,5 «Д» сыныбы «Жүйріктер»тобы.Жарыс соңында әділқазылар жеңімпаз топтарды анықтап,дипломдармен марапаттады.
2018 жылдың 11 сәуір айында «Жол қозғалысының жас инспекторлары «Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің!» атты сайыс ұйымдастырылды.Бұл байқау 6-7 сыныптар арасында өткізілді.Байқау IV кезеңнен тұрды және осы кезеңдер бойынша жақсы ойын көрсетіп жеңімпаз атанған топтар: - І-орынды 7 «Г» сыныбы «Жас инспекторлар» тобы иеленді, ІІ-орынды 6 «А» сыныбы «Жол барысы»тобы атанды,ІІІ орынды 7 «Б» сыныбы «Жас сақшылары»тобы иеленді.
2018жылдың 13 сәуір күні қалалық балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Жайдарлы Жас Ұлан»интелектуалды ойыны өтті.Мақсаты:өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде Қазақстан патриотизм рухында тәрбиелеу,шығармашылық және интелектуалдық деңгейін көтеру.Бұл ойынға қала мектептерінен 15 мектеп сыңға түсіп,ішінен 7 мектеп финалға өтті.Ойынға мектебімізден «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінен құралған «» құрамасы қатысты.Қалалық мектепаралық КТК «Астанаға 20 жыл» атты тақырыпта өткен «Жайдарлы Жас Ұлан» көңілді тапқырлар клубы ойынының финалына ІІ орын иеленгені үшін №54 орта мектеп «» командасы дипломмен марапатталды.
«Астанаға 20 жыл» атты тақырыпта өткен қалалық «Жайдарлы Жас Ұлан» көңілді тапқырлар ойынында өз өнерімен сүйсіндіріп, талантымен тамсандырған №54 орта мектебі «MERSI» командасы ІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталып, білім бөлімінің кубогын алды. Аталған тақырып аясында команда мүшелері: Рахманкулов Нұрлыбек,Ғани Рамазан,Ғалым Бекзат,Рымтай Саят,Жоспар Санжар,Қайпназаров Бақдәулет,Әбілдә Ұлықбек,Нұрыш Мақсат.
2018 жылдың 25 сәуір күні 1 Мамыр-Қазақстан халқының бірлік күніне орай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын салтанатты түрде қабылдау өткізілді.Ұйым қатарына 7 оқушы қабылданды.Галстук пен төсбелгіні мектебіміздің ұстаздары тақты.Мектеп Ұланбасы 10 «А» сынып оқушысы Беген Айдана Бекжанқызы өзінің Ұланбасылық қызметін 8 «Ә» сынып оқушысы, «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшесі Дәуренбекова Ақеркеге берді.Осы күннен бастап Дәуренбекова Ақерке мектеп Ұланбасы қызметін салтанатты түрде қабылдап,Ұланбасы атанды.Қабылданған оқушылар: 4 «ә» Тұрсыналы Аружан, Женіс Жансая,Райымқұлқызы Айзат,Ақылбек Асылжан,4 «Б» Ақжан,4 «Е» Бауыржан Файыз, 5 «А» Беген Аяна.
2018 жылдың 3 мамыр күні №1 қарттар үйінде Отан Қорғаушылар күні мерекесіне орай және Ұлы жеңістің 73 жыл толуына орай «Жеңіс туы желбіре»атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» мүшелері қариялардың көңілін сұрап,ардагерге,құттықтау тілектерін білдіріп,алдағы жеңіс күнімен құттықтады.Мектебіміздің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының мүшелері «Жеңіс туы желбіре»,«Мереке», «Анашым қартаймашы», «Қазақ елі», «Көкке өрле» әндері орындалып, «Катюша» және «Жас Қыран» тамаша билерімен жалғасын тапты.Барғандар саны:35.
2018 жылдың 18 мамыр күні қалалық балалар шығармашылық орталығымен ұйымдастыруымен өткен фестивальда «Жас Қыран» ұйымының мүшесі Айтбай Айым «Көкке өрле» әнін орындағаны үшін «Сертификат»берілді.Қала мектеп Ұланбасылары шақыртылды.Жыл бойына,облыстық және қалалық іс-шараларға белсене атсалысып жүрген мектеп тәлімгерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.Фестиваль өз дәрежесінде өтті.
ЖылЖас ұландықтарЖас қырандықтар Барлығы
2015-2016302151
2016-2017353368
2017-2018483886
18.ҰОС, тыл және еңбек, ауған соғысы ардагерлерімен жұмыс.
Соғыс және еңбек ардагерлерін қолдауға бағытталған қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Баятов Балатай, Қарабаев Таджибай, Ережепбай Мүтәліп соғыс ардагерлеріне сыныптар бөліп , көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ: 7-сынып оқушылары Ережепбай Мүтәліп атайдың өлеңдерін реттеуге қөмектесті, 10-сынып оқушылары Ережепбай Мүтәліп атайды мектепке шақырып, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б. Қоспанов «Ерлік» сабағын өткізді. «Жас ұлан » ұйымы Жеңістің 73 жылдығына орай үйіне барып құттықтады. Қарабаев Таджибай атайға есіктерін, терезелерін сүртіп көмектесті. «Жас ұлан » ұйымы Жеңістің 73 жылдығына орай үйіне барып құттықтады. Туғанбаева Ақмарал соғыс ардагерінің үйіне барып Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады, оқушылардың Жеңістің 73 жылдығына арнап жазған авторлық өлеңдерін тарту етті. Ұстаздар мерекесіне , 8 наурыз мерекесіне орай ардагер ұстаздарды мектепке шақырып «Ұстаз – ұлы тұлға», «Ана - өмірдің гүлі» әдеби сазды кештеріне арнайы шықырылып, әдеби сазды кеште ардагер ұстаздарымыз оқушыларға, мұғалімдерге өздерінің тілектерін айтып, мектепті аралап қайтты. «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында 9- сыныптар арасында ардагер ұстаздармен бірігіп кездесу ұйымдастырылды.
Ауған ардагерлерімен жұмыс
№54 орта мектебінде 2018 жылдың ақпан айының 13 күні Кеңес әскерлерінің Ауған шекарасынан шығарылғанына 29 жыл толуына орай Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып,оқушыларға түсіндіру, «Ауған соғысы»-жайлы тереңірек біліп тану,соғыс ардагерлерімен сұхбаттасу мақсатында 3 «А», 3 «Ә», 3 «Б», 7 «А», 7 «Ә» сыныптарының ұйымдастыруымен «Ауғанның от жалыны» тақырыбында Ауған ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге төмендегі қонақтар қатысты:
1.Ермеков Дукенбай Сайлаубекұлы-Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орден иегері қоғам белсендісі
2. Сембиев Нұрбақыт Оңманбекұлы-Ауған соғыс ардагері
Кеште Ауғанның от жалынынан оралмаған марқұм болған Ауған соғысының жауынгерлерін 1 минут үнсіздікпен барлығы орындарынан тұрып еске алды.3 «а»,3 «ә», 3 «б» сынып оқушыларының орындауында «Туған ел» хоры, 10 «б» сынып оқушысы Ермағамбет Нұрсұлтан орындауында «Отаным» атты әнін арнады,3 «а», 3 «ә»,3«б» сынып оқушыларының ардагерлерге арналған өлең жолдары оқылып, 7 «а», 7 «ә» сынып оқушыларының ауған ардагерлеріне мәнерлеп оқу оқылды, 7 «а», 7 «ә» сынып оқушылары «Сарбаздар» биі биленді, ауған соғыс ардагерлерінің әңгімесін тыңдап, сұрақтар қойып, пікір –алмасты.
Сонымен бірге осы соғыс туралы оқушылар бірнеше сұрақтарды Ауған ардагерлеріне қойып ,біраз мәлімет алды.
Кездесуге мектептің 5 «В», 5 «Д», 8 «Б», 9 «Б», 9 «В» сыныптың оқушыларымен сынып жетекшілері және ұстаздар қатысты.Кездесу өз дәрежесінде өтті.
19.Н.Н[b][/b]азарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар.
№ р
/сІс-шараның атауыФорматыҚамтылатын адамдар саныСуреттері
1Болашаққа бағдар:рухани жаңғыруАшық тәрбие сағаты1-11 сынып оқушылары
2«Рух мәдениеті-асыл қазына»Дөңгелек үстел25
3
«Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі
Пікір-сайыс8-9 сынып оқушылары
4«Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы»Мерекелік кеш450
5«Ерлігің дастан,ұрпаққа мақтан-Тәелсіз Қазақстан»Мерекелік кеш532
6Рухани жаңғыру-кемел келешектің кепілі
«Туған жерім-алтын бесігің»Шығарма,эссе байқаулары150
7«Ұлы Дала Ұландары»Концерттік кеш500
8БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жас Ұлан» ұйымы жастары және «Адал ұрпақ» ұйымы жастарының ұйымдастыруымен өткен флешмоб Флешмоб40
9«Туған жер-туған ел» интерактивті сабақАшық сабақ90
10«Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда»-Мәдени спорттық шараларБайқау 150
11Үш тілде білім беру-жаңа технология,жаңа экономика тіліДөңгелек үстел90
12Жамбыл облысы аумағындағы өлкетану музейлеріне оқушылар апаруСаяхатӘр ай сайын
80 оқушы
13«Жас өлкетанушылар,тарихшылар»Дөңгелек үстел 110
14«Тұғырлы-үш тіл» ХХІ ғасыр көшбасшысы-2018Ойын50
15Латын әліпбиін жақтаймыз ба? Даттаймыз ба?Пікір -талас70
16«Флеш моб»Би300
17«Рухани жаңғыру-қоғамдық сананы жаңғырту»Көрме30
18Қазақстанның болашағы –жастардың қолындаДөңгелек үстел40
Барлығы181431
20.Тәрбие жұмысы бойынша БАҚ жариялымдары, басылымдар (телеарналарда, газет-журналдарда)
№Газет, журналдың атауыМақала атауыКүні, жылы, газет нөмеріфотоматериалдар
1Тәрбиеші тәлімі «25 Кітап» жобасы аясында Мұхтар Шахановтың «Отырар»дастаны бойынша әдеби кештің сценарийі№2 2018жыл
21.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдаламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша оқушылармен тарихи-өлкетану орындарына жасалған экскурсиялар.
Астана
ТүркістанТараз (бағыт атауымен)Қазақстанның басқа қалаларыМерзіміФото суреттер
Экскурсия саныҚамтылған оқушы саныЭкскурсия саныҚамтылған оқушы саныЭкскурсия саныҚамтылған оқушы саныЭкскурсия саныҚамтылған оқушы саны
----8856--Жыл бойы
22.Қорытынды.
Бүгінгі күні мекепте қоғам мен мемлекеттің қазіргі қажетсінулеріне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі жасалған.
Үлкен білім беру және насихаттау ресурсы жиналған, сол арқылы тәрбие жұмысы да ұйымдастырылған. Бұл ресурс білім беру және тәрбиелеу бағдараламалар, сондай-ақ оқудан тыс іс-шаралар жүйесінен қалыптасады.
Тәрбие жұмысының жүйесі оқушының жеке тұлғасының гуманистік құндылықтар негізінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жастардың рухани-адамгершілік, эстетикалық, спорттық-сауықтыру дамуы бойынша міндеттер қояды. Ол нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес сауатты құрылған.Қызметтің таңдап алынған нысандары мен түрлері алуан түрлі, қойылған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді, білім алушылардың жасына сай, тәрбие қызметінде қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйымдар өкілдерімен тығыз ынтымақтастық жүзеге асырылады. Жұмыс жүйелі, ауқымды жүргізіледі, оқу-тәрбие жұмысын түгел қамтиды. Дәстүрлі іс-шаралардың бар болуын айта кету керек. Білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесі ұйымдастырылған; білім алушының қызметі жетілдірілді; ата-аналармен әлеуметтік серіктестік жүзеге асырылады; педагогикалық ұжымның қызметі мақсатты, жеке тұлғаға бағытталған болып келеді.
Алайда, тәрбие жұмысын талдау қазіргі жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мәселері шиеленсікенін көрсетеді. Бір жағынан білім алушы жастардың дербестігінің өсуі, іскерлік пен ұтқырлығы, өз өміріне жауаптылығы, сапалы білім алуда және кәсіби даярлықта жоғары қызығушылығы ерекшелендіреді. Екінші жағынан өтпелі жаспен, күйзелісті жағдаяттармен, толық емес отбасында тәрбиеленумен, ата-ананың тәрбиеге уақыты жетпеуімен, жастар ортасындағы және нашар отбасындағы психологиялық дауласулармен байланысты проблемалар бар.Білім алушылардың бір бөлігі девиантты мінез-құлықты тұлғалар санатына жатады. Сонымен бірге мектептегі тәрбие жұмысының проблемаларына ділдің, өмір салтының өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық факторлардың қиын процестері себепші болады.Тәрбие жұмысы-үнемі жетілдіруді талап ететін процесс.
Сондықтан мектептің педагогикалық ұжымына:
- жинақталған жұмыс тәжірибесін жүйелеу бойынша жұмысты жалғастыру және ата-аналармен, білім алушылармен жұмыс бойынша топ жетекшілері үшін, ата-аналарға балалармен қарым-қатынас жасау үшін әдістемелік нұсқау басып шығару;
- Өзін өзі басқару жүйесі жұмысының тиімді түрлері мен әдістерін іздеу және енгізу, білім алушыларға және жалпы сыныпқа арналған рейтингтік жүйені жалғастыру;
- ҚЮП инспекторымен, әлеуметтік педагогпен, психологпен бірлескен жұмыс арқылы алдын алу қызметін кеңейту және жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізу (алдын алу есептерінде тұрғандар үшін сынып сағаттары, олардың отбасыларымен тренингтік жұмыс, осы санаттағы балалардың мүдделері мен құштарлықтарын тереңірек зерделеу және т.б.);
- спортта одан да жоғары нәтижелереге жету және бұқаралылығын көтеру үшін спорттық базаны кеңейтіп, спорттық мүкаммалды толықтыру;
- мектепте білім беру процесінің негізгі бағытарының іске асырылуын жалғастыру: оқушылардың азаматтық көзқарасын, еңбекқорлықты қалыптастыру, жауапкершілік пен дербестікті дамыту, шығармашылық белсенділікті дамыту;
- ата-аналар дәрісі шеңберінде адамгершілік және рухани тәрбиелеу мәселелері бойынша дәріс топтамаларын ұйымдастыру;
- сынып жетекшілеріне «Отбасындағы рухани және адамгершілік тәрбие» тақырыбына ата-аналар жиналысын жоспарлау және өткізу, осы сұрақта отбасы тәжірибесін зерделеу;
- оқытушылардың сабаққа дайындалу барысында рухтандырушылыққа және адамгершілікке бағытталған тәрбие мақсаттарымен басшылық ету;
23 Келесі оқу жылының мақсат, міндеттері:
Сынып жетекшілер бірлестігі жұмысының формасын өзгертіп, жаңашыл түрде жүргізуді жоспарлау;
Оқушыларды қалалық, республикалық , халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қаттыстыруды жалғастыру;
«Жас Ұлан » балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысын жүйелі түрде жүргізу;
Сынып жетекшілер тарапынан оқушыларды тәрбиелеуде белгілі бір ғылыми тұрғыдағы бақылау тест, саулнама т.б. қолданып, нәтижесімен жеке оқушымен жұмыс жүргізу жақтары жетімсіз және диагностика жасау, мониторингін көрсету жұмыстары бір жүйеге келтіру.
Ата-ана, мектеп, білім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Тәрбиелік деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші бойынша 8«В» , 7 «В»,
8 «Г» 8 «Ә» сыныптарының тәрбиелік деңгейін көтеру.
Ағатәлімгердің жұмысына қадағалау жүргізу.
Оқушының алған білімінің үздіксіз дамытылуымен қатар өзін - өзі тәрбиелеуі, қоғамдық көзқарасының, құзырлылығының қалыптасуын қамтамасыз ету, психологиялық қызметті арттыру.
Кітапханамен тығыз байланыста жұмыс жасау.
Құқық қорғау органдарымен, жастар орталығымен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
Виртуалды музейді ң жұмысын ұйымдастыру
Тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениеттерді игеруілеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлерімен мен мәдениетін зертеуіне және қабыладауына жағдай жасау.