10
февраль
2023
"Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби-сазды кеш өткізілді
Қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай мектебіміздің 7-сынып білім алушыларының қатысуымен "Әр өлеңі - бір әлем" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Аталмыш іс-шарада білім алушылар ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқи отырып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы жайлы мәліметтер алды. Сондай-ақ, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының желісі бойынша сахналық көрініс дайындап, ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады.
Ұйымдастырушысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Алжанова


Ұйымдастырушысы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.С.Алжанова


