10
февраль
2023
Бос орындарға конкурс жариялау!!!
Бос орынға конкурс жариялау!!!
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме, тұрақты орын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 жүктеме, тұрақты орын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары педагогикалық білім
- Педагогикалық білім
- Педагогикалық өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Білу керек:
ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық көмек көрсету туралы» заңын, «ҚР балаларды қорғау туралы» заңын, «Балаларды қорғау Конвенцияны» басқа да білім жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттарды, педагогика және жас ерекшелігіне байланысты психологияны, социлогия, физиология, гигиена негіздерін, бағдарлы әдістемелік құжаттарды, «Еңбек Кодексінің» негіздерін, «Еңбекті қорғау» туралы заңы
Жауапты құжаттар:
Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің хаттамалары, құқық бұзушылық жөніндегі құжаттар, азаматтық қорғаныс. Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) деректердің уақытылы сапалы енгізілуін қамтамасыз етуді бақылау.
Лауазымдық міндеттері:
Балалар құқығы жөніндегі Конвенцияның орындалуын қамтамасыз ету.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың меншіктік және меншіктік емес құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздануына ықпал ету, ата-аналардың қарауынсыз қалған оқушылардың есебін жүргізу, оларға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру. Тиісті орындарды комиссияларда олардың мүдделерін қорғау.
Сынып жетекшілерінің, оқушылардың әлеуметтік қорғау жөніндегі жүргізілетін іс-шаралар ұйымдастыру, ата-аналар комитеті мен қамқорлық кеңесінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету және т.б. үйлестіру, қадағалау.
Оқушылардың тұрмыс жағдайы қажеттіліктері, проблемаларына талдау жасау, заман талабына сай әлеуметтік және медициналық қызметтің көрсетілуін бақылау.
Жүргізіліп отырған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін болжау.
Құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен жеке жүргізілетін трбие жұмысын жүйелі түрде қадағалау, шағын аудан бойынша кешкілік рейдтер өткізіп отыру.
Шағын мөлтек ауданындағы құқық бұзушылыққа бейім оқушылар мен және жағдайы төмен оқушылармен әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары бойынша сынып жетекшілерінің жоспарлы түрде жүргізілуіне бағыт-бағдар беру, жағдайы төмен отбасы, жалғыз басты аналар, толыққанды емес жанұяларды анықтау және әлеуметтік көмек, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру.
Ақпаратты жинау және жинақтау, көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылардың жәрдемақы алуын қадағалау, жетім ата-анасынан қарауыныз қалған оқушыларды зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы ақпарат жинақтау.
Діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын-алу шараларын жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқу білім мекемелерінің әкімшілігі, құқық қорғау ұйымдарының бекітілген қызметкерлері, оқушылардың ата-аналар мен ата-аналар комитеті арасындағы, қамқоршылық кеңес арасындағы байланысты нығайту.
Оқушылардың денсаулығына кері әсер ететін зиянды заттар мен темекі, алкаголь және нашақорлықтың алдын алуды жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
Оқушылардың құқық бұзушылығы жөніндегі іс-шараларына есеп беру.
Құқықтық білім беру жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және қадағалау.
Оқушылардың себепсіз сабаққа қатыспауын қадағалау.
Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын қадағалау.
Ағылшын пәніне басшылық жасау.
Көмек беру «Медиация» орталығының жұмысы.
Азаматтық қорғаныс.
СПИД-орталығымен бірлескен жұмыс
Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары
Наркологиялық орталықпен бірлескен жұмыс
Полиция бөлімімен бірлескен жұмыс
Суицидтің алдын алу жұмыстары
Қамқоршылық кеңестің жұмысы
Қиын тәрбиедегі балалармен жұмыс
Жайсыз отбасымен жұмыс
Мобильді топтың жұмысы
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары
Рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру
Ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау.
Лауазымдық жалақысы: 100 000 -180 000 тг
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
118-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсан №513 бұйрығының (19.11.2021 №568,2012 21.02. №57 бұйрығына өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарты 1 жылға жасалынады;
Ø Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар 54-taraz.mektebi.kz мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
Ø2022-2023 оқу жылдың 10 ақпаннан бастап 7 (жеті) жұмыс күнінде 10.02.2023 -20.02.2023жыл күндерінде мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізе басталады.
ØҚұжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар қаралады, ол мына күндер: 21.02-27.02.2023ж күндері.
ØШешім шығару күні 27.02.2023 жыл
Конкурс өткізілетін орын:
Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Саду Шакиров көшесі №82 мекен жайында орналасқан №54 орта мектебінің 2 қабаты, қабылдау бөлмесінде қабылданады. Байланыс телефондары: 8 7262 52-04-95.
Электронды адресс:mektep54@mail.kz