23
сентябрь
2022
"Жомарт түлек" жобасы
"Жомарт түлек" жобасы аясында мектеп бітіруші түлектерге туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі мен құрметін көрсету,бүгінгі білім алушы ертеңгі мамандық иесі екендігін насихаттау мақсатында қыркүйек айында кездесу өтті. 11 Ә сынып білім алушылары мектебіміздің түлегі және осы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боп қызмет істейтін Рахымбердиева Айгерім Нәбиқызымен кездесіп, пікір алмасты. Кездесу барысында түлегіміз түрлі сұрақтарға жауап берді,берілген жағдаяттардан шығу жолдарын іздестірді, және мектеп бітіруші түлектерге ақыл кеңестерін берді, өз ойларын ортаға салды.Басты мақсат – елімізге жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Түлектермен кездесудің тағы бір ерекшелігі – ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса мән берілгені.



