28
октябрь
2021
11 сынып білім алушыларымен әңгіме-сұхбат өткізілді
2021 жылдың қазан айында 11 сынып білім алушыларымен «Қазіргі заманға қажетті мамандықтар» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді. Мамандық таңдаудың оңай еместігін, мамандықты бейініне, темпераментке сай таңдау керектігін, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы әңгіме жүргізілді. Қонақ ретінде мамандық иелері, мектеп психологтары қатысып, мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау екендігін айта отырып, кеңестер берді.
Мектеп бітіруші түлектеріміз таңдап отырған мамандықтары жайлы өзара пікір алмаса отырып, жетістіктерімен бөлісті.




Мектеп бітіруші түлектеріміз таңдап отырған мамандықтары жайлы өзара пікір алмаса отырып, жетістіктерімен бөлісті.



