Сыңғырла соңғы қоңырау
«Сәт сапар, жас түлек!»
1-жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, түлектер мен қонақтар, ««Сәт сапар, жас түлек!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
II - жүргізуші:
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – «Сәт сапар, жас түлек!» атты соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
ІІ - жүргізуші:
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 41 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. (музыка)
2- жүргізуші:
Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
Он бірінші «А» сыныбы Қаншайым апайдың білім алушылары
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «А» сынып жетекшісі: Бегимбаева Қаншайым Мырзабековна есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка әуені)
11«А»сынып білім алушылары
1 Абирбек Абзал
2 Ғалым Бекзат
3 Абылқасым Жандос
4 Битөре Ақсезім
5 Әбітаев Нұржан
6 Әбдінұр Наргиза
7 Ғани Рамазан
8 Әсіл Аяжан
9 Зарлыканов Рамазан
10 Вайсбекова Ләйлә
11 Кейкиев Нұршуақ
12 Сайлау Ұлдана
13 Болатбек Санжар
14 Сақып Айгерім
15 Төле Бексұлтан
16 Орынбай Қарақат
17 Ықылас Қозы-Көрпеш
18 Сейдазим Әсем
19 Әміре Әділет
20 Әлимухамед Алинұр
1 – жүргізуші:
Даламдай кең түсінігі, ұғымы,
Қазаққа тән мінезі мен қылығы.
Салтанаттың бар алтындай ұл - қызы,
Алдарыңызда он бірінші «Ә» сыныбы.
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 «Ә» сынып жетекшісі Мирсеитова Салтанат Жусуповна есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз.
(музыка әуені)
11«ә» сынып білім алушылары
1.Амангелдиева Диана
2.Ахмади Балнұр
3.Ғалым Сымбат
4.Ералы Асила
5.Ерлан Әділ
6.Жақсыбек Алтынай
7.Қамар Ернұр
8.Қонысбай Ырыскелді
9.Құдайберген Дана
10.Қуаныш Ақнұр
11.Манабаева Айгерім
12.Мырзабай Ерлан
13.Оңласынбек Нұртас
14.Сабырова Қарақат
15.Сакипбеков Нұржан
16.Сәбитбек Жеңіс
17.Сейсенғали Алмаз
18.Сейдазим Әсел
19.Сейітжанұлы Жасұлан
20.Ташай Аяулым
21.Тұрғын Еңлік
Ортаға әскери киім киген 3 оқушы шығып, бірі:
- Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (Ортаға ту әкелінеді).
— Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын! (Мектеп әнұран орындайды).
- жүргізуші:
Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя.
- жүргізуші:
Дұрыс айтасың, «мектеп – кеме, білім – теңіз» деп қазақ атам бекер айтпаған ғой. Бүгінде енді қайтып мектеп табалдырығын аттамайтын оқушылар да бар. Олай болса, баршаңызға арналған мектеппен қоштасу кешін әрі қарай жалғастырамыз.
1-жүргізуші:
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген, қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Тогисова Раиса Дастеновнаға беріледі.
1-жүргізуші:
Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз бен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, марапаттау рәсімін бастаймыз.
Марапаттаудиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Телеуова Гульфайруз Калкабаевнағаберіледі. (Озат, дарынды оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталады).
2-жүргізуші
Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар
11 «Ә» сынып білім алушысы Мырзабай Ерланның орындауында «Ұстазым» әсем әні
1-жүргізуші:
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – сынып жетекшісі бапкерлерде.
11 «А» сынып жетекшісі: Бегимбаева Қаншайым Мырзабековна
11 «Ә» сыныпжетекшісі: Мирсеитова Салтанат Жусуповна
2-Жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымызда
11 «А» сынып ата-анасы Кенжебаева Әлия
11 «ә» сынып ата-анасы Исабекова Фарида
- Жүргізуші:
11 сынып білім алушылары Битөре Ақсезім, Сайлау Ұлдана, Әбиірбек Абзал, Зарлыканова Рамазанның орындауында «Қош бол, мектебім»әнін қарсы алыңыздар!
- Жүргізуші :
Көктем гүлі сияқты құлпырған жүз,
Жайраң қаққан жігіттер, құлпырған қыз.
«Жас түлек» деп жазыпты лентасына,
Сүйсініп кеп қараймыз сыртыңнан біз - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді «Мектеп Вальсіне» шақырамыз, Ортамызда 11 сынып білім алушылары
1-жүргізуші
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында- дей келе, 11 сынып білім алушылары ізгі тілекпен.
2-Жүргізуші:
Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша Білім кілтін тапсыру рәсімін өткізуді бастауға рұқсат етіңіздер.
Білім кілтін тапсырушы «Елбасының қола медалінің жүлдегері» 11 «А»сынып білім алушысы Әсіл Аяжан , 11 «Ә» сынып білім алушысы Сақыпбек Нұржан және білім кілтін қабыл алушы 10 сынып білім алушылары Әзімбекова Аяна және -------------------------------------- тапсырады.
1-жүргізуші:
Орынбай Қарақат және Әбитаев Нұржанның орындауында «Соңғы қоңырау» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
- Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын (Ортаға ту әкелінеді).
- жүргізуші:
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері бірнеше мыңнан аса қоңырау үнін естідіңіздер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
2-жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып білім алушылары Құдайберген Дана, Ғани Рамазан мен 1 сынып білім алушылары Алдабай Жантөре, Аяған Диана.
1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін, — дей келе, әрдайым өмірде жолдарың болсын дейміз.
2- жүргізуші:Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!!!
Осымен 2020-2021 оқу жылының салтанатты «Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.