27
сентябрь
2019
27.09.2019 жыл "Жамбыл облысының 80 жылдығына - 8000 тал"
27.09.2019 жылы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Тағылымға тұнып тұрған қатпары, жауһар Жамбыл - алты алаштың мақтаны" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара #54 орта мектебінде білім алушылардың флешмобынан соң "Жамбыл облысының 80 жылдығына - 8000 тал" атты ұранмен жалғасын тауып, Тараз қаласы #54 орта мектебінің аумағында 80 түп тал отырғызылды. Тал отырғызуға Тараз қаласы білім бөлімінің мамандары, мектеп ұжымы мен білім алушылары қатыстырылды.